Момышұлының соқпағымен

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

05.05.2021, 11:37

2127

Әр халық төл батырына тағзым етуі тиіс. Ұлы отан соғысында қазақтан шыққан хас жауынгерлердің ерлігі тарих парағына енгенмен, бірегейлердің ерлігін санаға сіңіру құндылықты қастерлеудің көрінісі. «Момышұлы соқпағымен» Ұлы жеңіс күні құрметіне арнап Қарағандыда  осындай атаумен әскери тағлымыдық шара өтеді.

— Басын ашып айтайын, шараны біз 9-мамырға жоспарлаған едік. Бірақ, аймақ жасыл аймаққа енгеннен кейін санитарлық талапты сақтай отырып өткеруді жөн көрдік.  Қазірдің өзінде аталған шараға қатысуға сұраныс білдіріп жатқандар қатары толыға түсуде. Олардың барлығы ерікті белсенділер. Байқау  Спаск полигоны маңындағы Құрма ауылындағы таудың бауырайында болады. Әскери байқауға  қатысушылар әуелі  шерумен жоғарыға  көтеріліп, тау басына орнатылған  Бауыржан Момышұлына арналған мемориалдық тақтасына жарты сағаттың ішінде жетуі тиіс.  Құрма  тауының басында тұрған бұл естелік тақтаны  былтыр «Skif» клубы Қазақстан халықтарының ассамблясымен бірлесіп,  даңқты батырдың  туғанына 110 жыл толу құрметіне орай орнатқан болатын. Әскери қолбасшы, парасатты стратег және тактик, ұлт мақтанышы  Бауыржан бабамыздың ерлігіне арналған шараның екінші кезеңі, жазық далада Кеңес әскерлері мен неміс жауынгерлерінің  майдан даласындағы  соғыс тәсілдерінен   қойылым көрсетумен жалғасады,-дейді  «Соғыс тарихы» әскери-тарихи клубтың жетекшісі Алфия  Хайруллина.

Танымдылық әрі тағылымдылық ісі қолға алған Қарағанды облысының Құрылыс салушылар қауымдастығының  президенті  Төлеген Әшімовтың айтуынша,   ерікті клуб  мүшелері мұндай шараны   соңғы кезде  жүйелі түрде өткізілуді дәстүрге айналдырған. 2019 жылы  бастамшы топ Кеңестер Одағының батыры, армия-генералы  Сағадат Нұрмағанбетовты  арнайы  шақыртып, озат жауынгердің  ерлігін осы арада әспеттеген көрінеді. 

Тегтер: соғыс тарих тағылым. естелік ерлік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:24
Нұр-Сұлтанда тұрғындардың 65% - дан астамы КВИ-ге қарсы вакцина алды
Сайт әкімшілігі 15:00
Нұр-Сұлтанда КВИ-мен ауырғандардың саны азайды
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 14:35
"Өлгім келеді". Теміртаулық өзін-өзі өртеп жібермек болған
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 13:30
Полиция заң бұзған 263 шетелдікті анықтады
Сайт әкімшілігі 07.12.2021, 18:48
Нұр-Сұлтанда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 16 мың жұмыс орны бар
Сайт әкімшілігі 07.12.2021, 15:56
Елорданың шет аймақтарын дамыту және абаттандыру: Президент тапсырмасы орындалып жатыр

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» пен жаңа ұрпақ
    12:29
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00