Мұғалім мәртебелі ме?

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

30.11.2022, 08:43

1423

Ұстазды көрсек «Алты Алаштың баласы бас қосса, төр – мұғалімдікі» деген сыршыл ақын Мағжан Жұмабаевтың сөзі еске түседі. Алайда сол мұғалімдер бүгінгі қоғамда төрден лайықты орын алып жүрме деген сұрақ туындайды.

Министрліктің заман ағымынан қалыспай, дамыған елдер ізімен оқытамыз деген ұстанымы салдарынан мектеп бағдарламасы мен оқулықтар бірнеше жыл бұрын өзгеріп кеткен еді. Көптеген оқулықтарда бір ізділік жүйелілік сақталмаған. Мұның салдары – оқушыға да мұғалімге де тиіп жатыр. Бағдарламаның ауысуы, толып жатқан қағазбастылық ұстаздың күнделікті

жұмысына кедергі болып, басын көтертпей қойды. Өткен айда Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ұстаздарға басы артық жұмыс жүктеп, түрлі есептер сұрай берудің орынсыз екенін, мұндай жағдайда мектеп басшылығы жазаланатынын атап өткен болатын. Мұны естіген мұғалімдер бұйрықтың толық орындалмайтынын іштері сезсе де бір көтеріліп қалды. Соңғы үш жылда кезең-кезеңімен ұстаздың жалақысының өсуі – бұл мамандыққа деген сұранысты арта түсті. Дегенмен қоғамда мұғалім мамандығының мәртебесі көтерілді деп айту қиын. Тіпті тоқсан соңында мектепке баласының төмен қойылған бағасы үшін дау шығарып келген ата-ананың алдында мұғалім иіліп, төменшіктеп тұрады. Бұл қазақ қоғамында ұстаздың мәртебесі Жапония еліндегідей кез келген адам басын иіп тұратын мәртебелі мамандыққа айналмағанын көрсетеді.

Күні кеше ғана Сәтбаев қаласындағы мектептің бірінде директордың орынбасары сабақ өткізіп жатқан мұғалімге келіп, бүкіл оқушылардың көзінше айқай-шу шығарғаны бүкіл елге тарап кетті. Әлеуметтік желідегі бейнежазбада директордың орынбасары туысының баласына төмен баға қойған математика пәнінің мұғалімін жұмыстан қуамын деп қоқан-лоққы көрсеткен. Бұл дау-дамайға куә болған оқушылардың бірі ұялы телефонына оқиғаны түсіріп, желіге салып жіберген. Заңмен бекіткен мұғалім статусы болса да ұстаздың абыройы асқақ болмай тұрғанының айғағы осы болып тұр. Ұлытау облысы білім басқармасының таратқан ақпары бойынша мектеп директорының орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тартып, орнынан алған. Ал мұғалім сол мектепте жұмысын жалғастыруда.

Тегтер: мұғалім ұстаз мектеп мәселе

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бекен ЕЛУБАЙҰЛЫ 07:32
Жемқорлықтың «сорпасын» қайнатып жүргендер көп
Нұрболат ӘЛДИБЕК 02.02.2023, 11:26
Жамбылда университет жұмысшылары бас көтерді
Бектұрған ЛАҚАДЫЛ 31.01.2023, 13:46
Шағын ауданның аты затына сай емес
Сайт әкімшілігі 31.01.2023, 09:46
Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болып, екі адам көлікте жанып кетті
Сайт әкімшілігі 30.01.2023, 08:24
ШҚО-да биылғы жылыту маусымында өрттен көз жұмғандар 16% артты
Сайт әкімшілігі 30.01.2023, 08:20
Төрт өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Аңдатпа


  • Жемқорлықтың «сорпасын» қайнатып жүргендер көп
    07:32
  • Ресей Путиннен қашан құтылады?
    07:17
  • Қайдасың, инвестор?
    07:23
  • Зүлфия-ау, ит құрлы құнымыз болмады ма?!.
    02.02.2023, 07:20
  • Әкімдер ай қарап жүр ме?
    02.02.2023, 07:16