Мұғалімдерді аттестаттау жүйесі автоматтандырылады

Сайт әкімшілігі

17.10.2020, 10:24

209

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан «HR-Process» білім саласының кадрларын іріктеудің автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі арқылы жұмысқа орналасқан педагогтармен кездесті. Кездесуге қалалық  білім  басқармасы басшысы Жанат Тәжиева, білім беру ұйымдары басшыларын тағайындау сатысында басшылық  ететін комиссия құрамы, бірқатар мектеп директорлары мен аталған жүйе арқылы жұмысқа орналасқан ұстаздар қатысты. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Онда қала әкімінің бірінші орынбасары білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындауда да мейлінше ашықтықты қамтамасыз етіп, қоғам алдында бұл процесс үлкен сенімге ие болуы қажеттігін айтты. Сондай-ақ, автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесін одан әрі дамыту мен орын алған кемшіліктер жөнінде сөз қозғады.

«Кадрларды іріктеудің ашық және объективті жүйесі – білім саласына үздік мамандарды тартудың кепілі болады. Міне, 2 айға жуық уақыттағы қалыптасқан оң пікір осы жұмысымыздың жемісті болғанын көрсетіп отыр. Қала әкімінің тапсырмасына орай ендігі кезекте колледждер  мен мектепке дейінгі білім беру мекемелерін жүйеге қосу және келер жылдан бастап педагогтарды аттестаттау жүйесін автоматтандыру қажет» — деді Шыңғыс Мұқан. 

Бағдарлама арқылы жұмысқа орналасқандардың бірі – Гүлнұр Сүлеймен.  Ол Қазақ мемлекеттік қыздар университетінің қызыл диплом иегері. Қытайдың Шанхай қаласындағы IS-China  университетінің түлегі. Магистратураны үздік дипломмен бітірген.  Гүлнұр   Мырзабайқызы «HR-Process» жүйесі арқылы бос орындарға өтінім беріп, конкурс нәтижесінде №132 жалпы орта мектебінің ағылшын пәні мұғалімі болып жұмысқа орналасқан.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 06.03.2021, 19:24
Талғар ауданында өрт салдарынан баспанасынан айырылған отбасыға үй берілді
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 05.03.2021, 12:48
Бірінші кезекте ана мен бала саулығы
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 05.03.2021, 10:36
Қарағандыда көп қабатты тұрғын үйдің бірінен екі айлық бала табылды
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 05.03.2021, 09:15
Түркістанда жаңа аудан құрудың машақаты басталды
Миуа БАЙНАЗАРОВА 04.03.2021, 18:13
Шенеуніктер неге тәртіп бұзады?
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 04.03.2021, 12:55
Бір-бірінің кебін кимесе игі...

Аңдатпа


  • "Жас Алаштың" 100 жылдық мерейтойына орай бильярдтан турнир өтеді
    05.03.2021, 16:25
  • Қарағандыдағы үш газет қазақшаға қалқан бола ма?
    05.03.2021, 13:12
  • Әкім бол, туысыңа жақын бол!?.
    04.03.2021, 10:15
  • Сейдағаңның серілері едік
    03.03.2021, 10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44