Мүмкіндігі зор Жезқазған инфрақұрылымнан зардап шегіп отыр

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

10.09.2021, 17:20

948

Жезқазған жақын жылдары еліміздің логистикалық орталығына айналатын сыңайы бар. Оған мысты шахарда іркіліссіз жүріп жатқан қомақы жобалар айғақ. Мәселен, талайдан бері таптаурын болған ауыз судың тапшылығы біржола шешілетін болды. Қазірдің өзінде қала халқы тәулігіне 72 мың текше метр су тұтынады. Мұндағы тіршілік нәрінің  сапасы төмен жағдайда. Жоқтан бар болып отырған су құбырларына 60-жылдан бері жөндеу жұмысы жүргізілмеген.

-Қаладағы 214 шақырымға созған құбырды жөндеуді қажет етсе, бүгінге дейін соның 70 пайызы жаңартылды. Осы қарқынды тоқтатпасақ,  екі жылдың мұғдарында ауыз судың құбыр бүтіндей өңделетін болады. Бұрынғы «Аварийный», «Дистанционный» секілді, бас-аяғы 5 мөлтек аудан тұрғындары  енді құдық суынан емес, құбырдан келетін тіршілік нәрімен өзек жалғайтын жағдайға келді,-дейді Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Әбсаттаров.      

Жезқазған билігінің стратегиялық мақсаты-қаланы моноқала санатынан шығару.  Себебі, өндірісті өлке   инфрақұрылымға кенде. Соның салдарынан тұйықталған қалаға инвестор тартуда кедергі туғызып отыр. Әкімнің мәлімдеуінше, келер жылы қолға алынатын «Жезқазған-Қызылорда» көлік жолы жоғарыдағы қиындықтан шығуға сеп тигізеді. Жезқазғанда логистика дамыса, еліміздің Оңтүстік аймақтармен сауда-саттық ісі де  нығаяды.

-Тек өндіріс саласымен көңіл алдандыруға болмайды. Ол үшін экономиканы әртараптандыру керек. Бізде пайдалы қазбалардың мол қоры бар. Оның үстіне, құрылыс жабдықтарын шығаратын кәсіпорын жұмыс істейді. Осынау экономиканың нақты секторына инвесторлар ауадай қажет. Бұған тас жолдың салынбауы басты тығырық болуда. Сондықтан, қаланың транзиттік әлеуетін арттыру қажет. Егер «Жезқазған-Қарағанды», «Жезқазған-Қызылорда», «Жезқазған-Ұлытау», «Жезқазған-Арқалық» секілді шекаралас облыстар арасында жаңа жол төселсе, инвесторларға  есік айқара ашылады,-дейді мысты шаhардың жетекшісі.

         Әлеуеті зор кенді қалада жақында гидрометаллургиялық зауыт ашылды. Қатарға қосылған жаңа  зауыт жергілікті тұрғындарға қосыша жұмыс көзін ашып берді. Мамандардың айтуынша, ең бастысы, өндіріс  қоршаған ортаға ешқандай зиян тигізбейді.

Тегтер: экономика инвестиция кедейлік шегі халық нарық

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 15:00
Оралда көкөніс өсіру тиімді бизнес
Миуа БАЙНАЗАРОВА 08:40
Әділхан ЖӨЛЕКЕШОВ: Оқушыларымыз карантиндік талапқа сай білім алуда
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.09.2021, 18:23
Қарағандыда құрылыс басында қазалы жағдай орын алды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.09.2021, 16:55
Нұралықтар-қауырт қимыл үстінде
Таңшолпан ҒАЗИЗҚЫЗЫ 17.09.2021, 11:38
Қоқыс та қордалы мәселе
Мариям МАҚСАТ 17.09.2021, 09:13
«Басшымыз күн көрсетпейді»

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39