Мұқтаж жандар азық-түлікпен қамтамасыз етілді

Еркежан АРЫН

28.07.2021, 08:40

629

      «Халық» қоры жақында өткен кезекті «Ел тірегі – ЕЛБАСЫ» атты қайырымдылық акциясының қорытындысын шығарды: бүкіл Қазақстан бойынша 20 мың отбасыға жалпы салмағы 1000 тоннадан асатын қажетті азық-түлік пакеттері берілді. Көрсетілген көмектің жалпы сомасы 500 миллион теңгеден асты. Азық-түлік себеттерін қор бұрын көмек көрсеткен мұқтаж отбасылар алды.

       «Ел тірегі – ЕЛБАСЫ» акциясы – бұл әлеуметтік маңызы бар қайырымдылық бастама, оның шеңберінде аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар отбасыларға еліміздің барлық аймақтарында жүйелі түрде азық-түлік көмегі көрсетіледі. Қор отандастарымыздың өмірін жақсы жаққа өзгерте отырып, игі істер жасауға тырысуда. «Халық» қайырымдылық қоры мұқтаж азаматтарды азық-түлікпен үнемі қолдау арқылы адамдарға өз қаражаттарын балаларының және отбасыларының басқа да шұғыл қажеттіліктеріне бағыттауға мүмкіндік береді. Азық-түлік себеттерін таратуды облыс әкімдіктері ұсынған тізімдерге сәйкес, еріктілер мақсатты түрде жүзеге асырды.

       Акцияны жақсы дәстүр деп айтуға да болады, оған сәйкес, «Ел ​​тірегі – Елбасы» акциясын еліміздің танымал кәсіпкерлері мен компаниялары қолдап отыр: Қайрат Боранбаев – «Алмалы» холдингі, Диас Сүлейменов, Кеңес Рақышев, «AYALA» қайырымдылық қоры, Eurasian Resourses Group «Қазақмыс» холдингі және корпорациясы.

      Динара Құлыбаева, «Халық» ҚФ қамқоршылар кеңесінің төрайымы:

   – Біз шілде айында өткен ауқымды акцияның қорытындысын шығардық, соның арқасында біз 20 мың отбасына көмектесе алдық. Сіздердің үлесіңіз бен көмегіңіз үшін «Ел тірегі – Елбасы» акциясының барлық қатысушыларына алғысымызды білдіреміз. «Халық» қоры қолдау көрсеткендерге, қайырымды жандарға шын жүректен алғыс білдіреді. Halyk Fund акциясы қазақстандықтардың бірлігі мен ынтымақтастығының шынайы күшін көрсетті. Қор бастамасын тағы бір рет қолдаған еріктілерге ерекше алғыс айтқымыз келеді. Бірлескен күш-жігермен біздің ортақ әлеміміз құрылып жатыр – бұл күн сайын сәл мейірімді және жақсара түсетін әлем. Жақсылықты бірге жасай берейік, өйткені тек бәріміз бірге, бірлігімізбен бір-бірімізге көмектесеміз, – дейді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14.01.2022, 13:16
"Инфекцияның келесі толқыны наурызда көбеюі мүмкін" - Алматының бас санитар дәрігері
Сайт әкімшілігі 14.01.2022, 11:49
Түркістанды ағын сумен қамтуда маңызды жобалар жүзеге асуда
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 12.01.2022, 18:14
Кәсіпкер блок - бекетте тұрғандарға жылы киім апарды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 12.01.2022, 13:15
Қарағандылықтарды тұрмыстық газдың бағасы қинап тұр
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 12.01.2022, 10:15
Қарағандыда 43 адам қамауға алынды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 11.01.2022, 14:00
Кеншілер мен металлургтер Президентке үндеу жолдады

Аңдатпа


  • "Қазақстан халқына" қорына білім беру ұйымдары ақша аударуға міндеті емес
    17.01.2022, 14:00
  • Алматы трагедиясы: Бас прокуратура қылмысты толық аша ала ма?!
    14.01.2022, 08:54
  • Сағынтаев Алматыдағы бүлік кезінде қайда болды? (видео)
    13.01.2022, 09:30
  • Эпид ахуал күрделеніп барады. Бас санитардың қаулысы жарияланды
    14.01.2022, 08:39
  • Бүліктен бизнеске келген залал 100 миллиард теңгеден асты
    13.01.2022, 09:08