Нұрадан кәсіпкерді іздеген құтқарушылар әйел адамның денесін тауып алды

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

29.04.2021, 11:21

3718

Нұра өзенінен көлігі табылған кәсіпкер Нұрлан Сүлейменов әлі табылған жоқ.

Нұра өзеніне көлігімен құлап кетті деп болжам жасалған кәсіпкер Нұрлан Сүлейменов әлі із-түссіз.

Еске сала кетсек, 8 сәуірде Кәрім Мыңбаев ауылынан көлігімен шыққан кәсіпкер жоғалып кеткен.

Туыстарының айтуынша, ол жолдан Тассуат ауылына соқпақшы болыпты. Осы Тассуат ауылындағы көпірді су басып қалған. «Кәсіпкер көлігімен өткенде көпірді көре алмай суға кетті» деген болжам жасалды. 11 сәуірде оның көлігі Нұра өзенінің түбінен табылған. Төтенше жағдайлар мамандары мен еріктілер Нұрлан Сүлейменовті әлі іздеу үстінде.  Жақында суда құтқарушылар Нұра өзенінен әйел адамның денесін тауып алған.

«Кәсіпкерді іздеу жұмыстары әлі жалғасуда. Іздеу жұмыстары 29 сәуірге дейін жүргізіледі. Жақында мамандар өзеннен басқа бір әйел адамның денесін тауып алып оны полицияға тапсырды»,- деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова. 

Қажетті  сараптамаларды тағайындаған Полиция департаменті   әйел адамның жеке тұлғасын анықтау үшін жұмыстар жүргізуде. 

Тегтер: қылмыс қатыгездік тергеу тексеру

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Заңғар КЕРІМ,арнайы «Жас Алаш» үшін Токиодан 14:32
Грек-рим шеберлері сенімді ақтамады
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 12:12
Басты мақсат – сот жүйесіне халықтың сенімін арттыру
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 13:15
Дәрігерлер тұрғындарға үндеу жасады
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 10:48
Қырғызстанда жоғалған қазақстандық қыз өлі табылды
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 09:24
Еліміздің барлық өңірі «қызыл» аймақта тұр
Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ 30.07.2021, 17:53
Ішкі туризмнің халі қалай?

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58