Нұралықтар-қауырт қимыл үстінде

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

20.09.2021, 16:55

476

Нұра-аймақтағы астықты өңір. Биыл аудан шаруалары күзгі жиын терін науқанын жылдағыдан ерте бастады. Қазір мұндағы ас атасы тұқымының 96 пайызы орылған.

— Жиналған бидайдың орташа түсімі гектарына  10 центрді құрады. Жергілікті климаттың ерекшелігіне сәйкес келтін  біздің астықтық  қуаншылыққа төзімді сорт саналады. Жақын жылдары алқапты кеңейту жоспарда бар.  Жұмысқа жастарды  көптеп  тартуды көздеп отырмыз.  Осы мақсатты орындау үшін екі жылда  заманауи 80 пәтер үй саламыз. Құрылыс ты 2023-жылы бастаймыз,- деп мәлімдеді «Шахтер» ЖШС-нің директоры Георгий Прокоп.

Аудандағы науқандық жұмыс барысын  облыс әкімі Жеңіс Қасымбек  көріп қайтты. Аймақ басшысы егістік алқаптарды аралап, шаруа қожалықтарының басшыларымен дидарласты. Ел қамбасын еселетуге еңбек сіңіріп жүрген диқандар қырман даласындағы қауырт жұмыс санаулы күндерден соң аяқталатынын жеткізді. Ауыл шаруашылығы саласы басшыларының айтуынша, шаруашылықтар мал азығымен 100 пайыз қамтылған.  Жергілікті жерде баға тұрақтылығын сақтау үшін ірі фермерлер әкімшілікпен  меморандумға отырған.

Нұраға сапары барысында облыс әкімі сондай-ақ, аудандағы  инфрақұрылым  жағдайын шолып өтті. Мұнда «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында ауылдың ішкі жолдары жөндеуден өтуде. Айта кетерлігі, «Нұра-Шахтер-Мұзбел» тас жолының күрделі аумағы екі жыл аралығында қалыпқа келтірілді. Бұл жолдың ұзындығы 50 шақырымға жуық қашықтықты құрайды. Ал, Қарой ауылында үш жарым шақырымға жететін төрт көшеге асфальт жол төселді. Аудан әкімі Аян Шалмағанбетовтың мәлімдеуінше, Шұбаркөл, Нұра кенттеріндегі, оның сыртында  Мұзбел, Кертінді және Жарасбай ауылдарындағы көлік жолы жаңартылу үстінде.

Өңір жетекшісі мердігерлерге межені  тиянақты әрі мезгілімен аяқтауды қадап тапсырды.  

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 19:13
Шымкенттегі жарылыс: Оқиға салдарынан бір нәресте шетінеді
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 18:29
Шымкент:Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг берді
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 20.05.2022, 11:50
Кәсіпкерлік ортаның бәсекесі қыза бастады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 11:25
Қарағанөзектік балалар өлімге бас тігіп жүріп білім алуда
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 08:27
Қарағандыдағы 7330 үй басқарудың жаңа жүйесіне енуге қауқарлы
Кемел ЖАН 18.05.2022, 13:35
«Жаңа Қазақстанның» мақсаты – парасыз мемлекет құру

Аңдатпа


  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56
  • Балалар жылында балалар неге шеттетіледі?
    19.05.2022, 08:40
  • Қалтырауық үкімет
    18.05.2022, 06:20
  • Қонаев кімнен кем, кімнен артық еді?
    18.05.2022, 06:17