Өрт сөндірушісі жоқ Ақтаста екі қабатты үй өртенді

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

23.12.2020, 15:00

1600

Ақтас елді мекенінде 22 желтоқсанда кешкі сағат алтыда екі қабатты үйден өрт шыққан.

Абырой болғанда, мұндағы жұрт жанталасып оттың ортасынан өздері аман шыққан. Өрттің ауқымы 400 шаршы метрді құраған.

Сорақысы сол, сегіз мыңнан астам халқы бар Ақтас елді мекенінде өрт сөндіру бөлімшесі жоқ болып шықты. Өрттен хабар алған Саран қаласының өрт сөндірушілері 22 минутта оқиға орнына келіп, тілсіз жаумен арпалысқан.

Айта кету керек, Саран қаласы мен Ақтастың ара қашықтығы 16 шақырым. Сараннан өрт сөндірушілер жеткенше тілсіз жау  жалындап күшейе түскен. Мұнда келген өрт сөндірушілерге Абай және Қарағанды қаласынан көмекке құтқарушылар келген. Олар тілсіз жауды бірнеше сағат бойы сөндірген. 

"Өртті сөндіруге жеке құрамнан 38 адам ат салысты,  9 техника жұмырдырылды.  Сағат 18:21 де өрт шыққаны туралы хабарланған болатын. Тілсіз жау 20.00 де  сөндірілді",- деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Алдын ала болжам бойынша екі қабатты үйдің шатырындағы нысанда электр тоғының  қысқаша тұйықталуы  төтенше оқиғаға себеп болған.

Қарағанды қаласынан 20 шақырым қашықтықта орналасқан Ақтас елді мекеніндегі шеткі көшелердегі көп қабатты үйлер орталықтанған жылу жүйесіне қосылмаған. Мұнда көп қабатты үйлерде тұрғындар қыста қатып қалмауы үшін өздері пәтерлеріне орнатып алған пешке от жағады. Кейбір үйлер тоқ пешпен жылынып,  күн кешеді.

«Бұрын біздің үйде барлығы пеш жағатын еді.  Бес  жыл бұрын Шахандағы үй жарылып кеткен соң бізді орталықтанған жылуға қосты. Бірақ Ақтастың шеткі үйлері жылуға қосылмай қалды. 30-кварталмен 21-кварталдағы 2-3  қабатты үйлердің барлығы пеш жағады. Пеш жоқтары тоқпен жылынады. Осы үйдегі тұрғындар балаларын үйлеріне қалдырып,  күндіз жұмысқа кетеді тіпті қорқынышты. Кешегі өрттен бірнеше  отбасының дүние мүлкі жанып кетті »,- дейді Ақтас елді мекенінің тұрғыны Әсел Жұмабек. 

Тегтер: өрт оқиға қауіпсіздік өрт сөндіру

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 16:37
Балқаштағы ұшақ апатының салдары мәлім болды
Сатан НҮСІПҚОЖАЕВ 12:21
«Жер сатылмайды» дейді...
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 12:17
Жайықтың өзі қымбат па, жағалауы қымбат па?
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 20.04.2021, 10:35
Оралда әйелін өлтірген шенеунік қамауға алынды
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 20.04.2021, 10:10
Жыры бітпеген электронды жүйе
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.04.2021, 15:25
Кәсіпкердің көлігі өзеннен табылды

Аңдатпа


  • Қонаевтың іс-әрекеттерін қалай бағалауымыз керек?
    09:13
  • Бердіқұлов тағылымы
    09:03
  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    20.04.2021, 10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25
  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32