Павлодарда мектептен өрт шығып, 414 бала эвакуацияланды

Сайт әкімшілігі

15.04.2022, 14:28

2899

Павлодарда №1 мектептен өрт шығып, 414 бала эвакуацияланды. Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнынан ауруханаға бес адамды алып кетті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД  баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 сәуір күні Малайсары батыр көшесі, 3 мекенжайы бойынша үш қабатты  № 1 жалпы орта білім беру мектебінен өрт шыққан. 

"Үшінші қабаттағы кітап сақтау кабинетінде 15 шаршы метр алаңда жиһаз, кітап жанған.  Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін 479 адам, оның ішінде 414 бала сыртқа шығарылды", — деді департаментте. 

Қазіргі таңда ауруханаға жеткізілгендер бойынша ақпарат нақтыланып жатыр. 

Өрт сағат 11:41-де сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда.  

Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД 35 қызметкер және 9 техника, апаттық медицина орталығынан 4 қызметкер және 1 техника жұмылдырылды. 

Тегтер: мектеп қылмыс оқиға

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 10:30
Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 09:43
Коронавирус жұқтырған жеті қазақстандық ауыр жағдайда жатыр
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 19:13
Шымкенттегі жарылыс: Оқиға салдарынан бір нәресте шетінеді
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 18:29
Шымкент:Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг берді
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 20.05.2022, 11:50
Кәсіпкерлік ортаның бәсекесі қыза бастады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 11:25
Қарағанөзектік балалар өлімге бас тігіп жүріп білім алуда

Аңдатпа


  • Не істеу керек?
    24.05.2022, 08:00
  • Қазақстан шекарасын «қарақшы» күзетеді (видео)
    24.05.2022, 08:07
  • «Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
    24.05.2022, 08:05
  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01