Пилоттық жоба бойынша 8,5 миллиард теңге игерілген

Сайт әкімшілігі

05.12.2020, 20:25

426

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңірде жүзеге асырылып жатқан пилоттық жоба жайында да баяндады.

— Бұл жобаға облыстың 10 ауданының 8 мыңға жуық тұрғыны қамтылды. Аталған жобаның 5 бағыты бойынша жалпы 8,5 миллиард теңге игерілді. Мал шаруашылығын дамыту және мал сатып алу бағыты бойынша 6,9 миллиард теңгеге 45 мың мал сатып алынды.Пилоттық жобаны іске асыру барысында 7,1 мың тонна көкөніс-бақша дақылдары, 21 мың тонна дәнді және мал азығы, 7,6 мың тонна ет және сүт өнімдері алынды. Бұл ауылдарда жаңадан 600 жұмыс орны ашылып, жұмыссыздар саны 1129-дан 589-ға дейін азайды.Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 490 адамға және нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 640 адамға кеміді. Ал 2238 адам жеке кәсіпкер ретінде тіркелді. Ауыл тұрғындарының орташа табысы 42 мың теңгеден 104 мың теңгеге дейін өсті.Бұдан бөлек қазақстандық «АгромашХолдинг KZ» акционерлік қоғамымен бірлесіп ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін тиімді шарттарда ескі ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту және қалпына келтіру бойынша «Trade-in» жобасы іске қосылды. Жыл соңына дейін 100 бірлік ескі техниканы жаңарту жоспарлануда.Мемлекет басшысының тапсырмасымен іске асырылудағы «Алқаптан сөреге дейін» пилоттық жобасына 1 миллиард теңге бағытталды.Азық-түлік тауарларын сатып алуды тұрақтандыру және қамтамасыз ету мақсатында төрт сауда желісі анықталып, онда делдалсыз екі сүт фермасы, құс фабрикалары және жеті шаруа қожалығы ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуде. Бүгінге сауда желілері арқылы 5 мың тонна азық-түлік тауары мен 4,3 миллион дана жұмыртқа сатылды. Нәтижесінде қайта өңдеуші кәсіпорындардың өндіріс жүктемесі 20-25 пайызға артып, азық-түлік тауарларының бағасы орташа есеппен 10-20 пайызға төмендеді.Облыста 6 әлеуметтік павильон жұмыс істеп тұрса, олардың санын 15-ке жеткізу және аудандарда ашу жоспарлануда.Өңірде 70 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Онда 125 мың адам жұмыспен қамтылған. Пандемияның теріс

әсеріне қарамастан шағын және орта бизнес өнімдері мен қызметтерінің көлемі 9,2 пайызға өсіп, 194 миллиард теңгені құрады.Мемлекет басшысының тапсырмасымен шағын және орта бизнес субъектілеріне 8,3 миллиард теңгеге мемлекеттік қолдау көрсетілді. Кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 152 кәсіпкерге 1,2 миллиард теңге берілді.Кәсіпкерлікті қолдау үшін «Еңбек» бағдарламасы аясында жаңа бизнес бастамаларды іске асыру үшін 6,4 мың адам 3,5 миллиард теңге қайтарымсыз грант алса, 1224 кәсіпкерге 3,6 миллиард теңгеге шағын несие берілді.Дағдарысқа қарсы шаралар аясында 14,1 мың бизнес субъектісі 2 миллиард теңгеге салықтық ынталандырулар алып, 740 субъектінің 3,9 миллиард теңге несиесі кейінге қалдырылды. Қабылданған шаралардың арқасында жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 21 пайызға дейін артады, – деді Б.Сапарбаев.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ 30.07.2021, 17:53
Ішкі туризмнің халі қалай?
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 17:51
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі: мемлекетке сену құқығы
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 17:49
Жаңа кодекс қазақстандықтарды қалай қорғайды?
Нұр САЙЛАУОВА 30.07.2021, 17:42
Қазақстанның жаһандық бастамаларына оң баға берілуде
Б.СӘРСЕНБИ 30.07.2021, 17:38
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 30.07.2021, 15:21
«Жусан» операциясы: тағдыр тәлкегінен құтқарғандар

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15