«Премьерадан» пәтер алыңыз

Сайт әкімшілігі

02.09.2020, 07:27

496

Шымкент қаласында «Премьера» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған кешен бес қабатты екі тұрғын үйден тұрады. Онда жалпы 80 пәтер бар.

Ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов жаңа қоныс берекесі мен ырысы мол үлкен ордаға айналуын тілеп, қала тұрғындарын Конституция күнімен құттықтады.

«Шымкентте тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді. Мәселен, өткен жылы тек «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде 298 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, осы жылы 104 үй пайдалануға беріліп, 5800 отбасы жаңа пәтерге ие болады»,- деді қала әкімі.

«Премьера» тұрғын үй кешені Нұртас шағын ауданында орналасқан. Керамикалық кірпіштен салынған тұрғын үй кешенінің қасбетін әрлеуге травертин қолданылған. Бұл өз кезегінде кешенге классикалық көрініс береді.

Нысан «Бәйтерек ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы – тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының бақылауымен салынды. Құрылыс кезінде 200-ге жуық адам жұмыспен қамтылған.

Мұндағы пәтерлерді «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның барлық бағдарламалары және «7-20-25» арқылы сатып алуға болады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:30
Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
Сайт әкімшілігі 09:43
Коронавирус жұқтырған жеті қазақстандық ауыр жағдайда жатыр
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 19:13
Шымкенттегі жарылыс: Оқиға салдарынан бір нәресте шетінеді
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 18:29
Шымкент:Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг берді
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 20.05.2022, 11:50
Кәсіпкерлік ортаның бәсекесі қыза бастады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 11:25
Қарағанөзектік балалар өлімге бас тігіп жүріп білім алуда

Аңдатпа


  • Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
    10:30
  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56
  • Балалар жылында балалар неге шеттетіледі?
    19.05.2022, 08:40
  • Қалтырауық үкімет
    18.05.2022, 06:20