Президент Әйтеновты не үшін қабылдады?

М.СӘУЛЕБЕК

15.10.2020, 03:54

1347

Үкімет тоғыз айды қорытындылады. Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен жиында әлеуметтік-экономикалық дамудың және биылғы қаңтар-қыркүйектегі республикалық бюджеттің атқарылуының нәтижелері қаралды.

Тоғыз айда Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары және Шымкент қаласы негізгі 7 көрсеткіштің 5-і бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың өсуін қамтамасыз етті. Ақтөбе, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 4 көрсеткіш бойынша оң динамикаға қол жеткізілген. Мұнай-газ секторындағы өндірістің төмендеуіне байланысты артта қалған өңірлер арасында Қызылорда, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары бар.

Жалпы, осы тоғыз айдың қорытындысы бойынша өңірлер арасындағы көрсеткіштердің біраз өзгергенін байқауға болады. Осы уақытқа дейін көш бастап келген Шығыс Қазақстан облысы ортаңғы топқа төмендеді. Ал Шымкент бұл жолы жетінші болып аталды.  Естеріңізде болса,  үш айдың қорытындысы бойынша өткен Үкімет отырысында  үшінші мегаполис 17 өңірдің ішінде 17-інші болып аталып еді. Алты айдың қорытындысында мегаполис ортаңғы топқа енсе, міне, тоғыз айдың қорытындысы бойынша үздік жетілікке жетті.

Мұның алдында Шымкенттің әкімі Мұрат Әйтеновты президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдады. Әкім президентке 9 ай ішіндегі Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы мәлімет берді. Мемлекет басшысына қала инфрақұрылымының қалыптасуы, бөлшек сауданың даму барысы, Жұмыспен қамту жол картасы аясында қалада жүзеге асырылып жатқан жобалар жөнінде баяндалды. Қала әкімінің айтуынша, 226 жобаға 45,3 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлініп, оның 80 пайызы игерілген. Сонымен қатар Шымкент қаласы бойынша коронавирус пандемиясының ықтимал екінші толқынына қарсы бірқатар дайындық шаралары қабылданған.

Ақорданың хабарлауынша, президент қалада атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға беріп, шаһарға инвестиция тарту ісін, қолжетімді көпқабатты тұрғын үй құрылысын одан әрі жандандыруды және жаңа жұмыс орындарын көптеп ашуды тапсырған.

Шымкентке  республикалық маңызы бар қала мәртебесінің берілуі –шаһардың Орталық Азиядағы ірі мегаполистермен терезесін тең алып жүруге жол ашты, экономикалық дербестік берді. Шымкент қалалық әкімдігінің хабарлауынша, қаланың 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы, 2023 жылға дейінгі Кешенді даму жоспары әзірленіп, бекітілген. Екі жылда көптеген оң өзгерістер болып, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер жақсарды. Атап айтқанда, өнеркәсіп өндірісі 1,3 есеге, ауылшаруашылық өнім көлемі 1,2 есеге, кәсіпкерлік субъектілерінің саны 15 мыңға, олар өндірген өнім 1,5 есеге артқан. Сонымен қатар осы жылдар ішінде қалаға 782 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды, 1 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй салынды.  Орталықтандырылған ауызсумен қамту көрсеткіші 93 пайыздан 94,7 пайызға, балабақшамен қамту көрсеткіші  94,3 пайыздан 100 пайызға жетті.  Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында 2 жылда 18 кәсіпорын ашылып, 1 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Бұдан бөлек, мегаполистің  бюджеті артып, биыл қала қазынасының 47 пайызы әлеуметтік салаға бөлінген.

Бюджет саласына кеңірек тоқтала кетсек. Әлеуметтік-экономикалық дамуға бөлінген республикалық бюджет қаржысын игеруде  Шымкент қаласы еліміз бойынша көш бастап тұр. 2020 жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша, мегаполисте бюджет қаржысы 100 пайызға иегерілген. Бұл туралы қалалық қаржы басқармасы мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, мегаполистің биылғы жалпы бюджеті 454,5 миллиард теңгені құрайды. Оның ішінде, 243,3 миллиард  теңге республикалық бюджеттен бөлінген.  Осы жылдың 9 айына жоспарланған 300,5 миллиард теңге қаржы толығымен иегерілген. Сондай-ақ  33,5 миллион теңге көлеміндегі бюджет қаржысы үнемделіп отыр. Ал қалған 150 миллиардтан астам қаржы жыл соңына дейін толығымен игерілетін болады.

Мегаполистің бюджетінің бүйірін томпайтатын негізгі сала – өнеркәсіп. Бұл бағытта Шымкентте бірқатар жоба қолға алынып отыр. Мәселен, Қайнарбұлақ тұрғын алабы маңында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін жалпы алаңы 178 гектарды құрайтын «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағын құру жоспарлануда.

– Бүгінде индустриалды аймақта жүзеге асатын құны 6,7 миллиард теңгені құрайтын 6 инвестициялық жобаның өтінімдері қабылданды. Яғни, биологиялық қоспалары бар құнарлы құрама жем өндірісін салу және сүт өндіру зауытын салу жобаларын жүзеге асыру, сонымен қатар шетел инвесторларымен бірлесе сүт, ет, жеміс пен көкөністі қайта өңдейтін, консервілейтін жобаларды жүзеге асыру қолға алынуда, – деді қала әкімі Мұрат Әйтенов жуырда кәсіпкерлермен өткен кездесуде.

Бүгінде қалада «Оңтүстік», «Тасай» индустриалды аймақ пен «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеп келеді. Оларда жалпы инвестициялық құны 100,2 миллиард теңгені құрайтын 102 жоба жүзеге асырылған. Бұдан бөлек, Шымкентте жалпы алаңы 306 гектарды құрайтын жаңа «Жұлдыз» индустриалды аймағы құрылуда. Жаңа аймақта құрылыс, металлургия, фармацевтика және жиһаз өнеркәсібі саласындағы жобалар іске асырылады.

Сондай-ақ жалпы алаңы 136 гектарды құрайтын «Тепличный рай» агро-индустриалды аймағын құру жұмыстары басталды. Аталған агро-индустриалды аймақта өнеркәсіптік жылыжайлар мен ауылшаруашылық саласындағы жобалар жүзеге асырылатын болады. Бүгінгі таңда, онда құны 9,4 миллиард теңгені құрайтын 8 инвестициялық жоба іске асырылады деген жоспар бар.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 22.10.2021, 19:13
Ы.Жақаевтың 130 жылдық мерейтойына орай ауыр атлетикадан жасөспірімдер турнирі өтті
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.10.2021, 14:40
Тас жолдарды тоздырған жүк көліктері жүгенсіз кетті
Еркежан АРЫН 22.10.2021, 11:37
Алматыда ұжымдық иммунитет қалыптастыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Расул ЖҰМАЛЫ 21.10.2021, 16:47
Азамат!
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 12:01
Арықта ұйықтап қалған бала отбасына оралды
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 11:58
Алты адам қаза тапқан жол апатының себептері анықталып жатыр

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31