Қайырымдылыққа зәру бала көп

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

26.05.2022, 22:59

3080

Қымбатшылық қыспағы көпбалалы отбасылардың күнкөрісіне қатты батып отыр. Инфляцияның күн санап шарықтауы осы санаттағы отбасылардың тамағына, киім-кешегіне жеткізбей барады. Әлжуаз топтағыларға жақындары жәрдем беруге қауқарсыздық танытқанда, қоғамда оларға қолдау білдіретін үкіметтік емес ұйымдардың белсенділік танытуы абырой болып тұр.

           Қарағандыдағы  «Талбесік» көпбалалы аналар одағы» қоғамдық бірлесігі балалы әулеттерге екі жылда 2500-ге жуық қайырымдылық көрсеткен. Ауқымды көмектің алғашқысы –баспанамен қамтамасыз ету. Жеке пәтерге қол жеткізу көпбалалы отбасылар үшін орындалмайтын арманмен тең. Жүрегі жомарт жандардың арқасында, осындай орасан зор мүмкіндік жасалып жатыр.

— Біздің ұсынысымызбен, екі жылдың ішінде көпбалалы 14 әулет баспаналы болды. Тұрақты демеушіміз осы міндетпен  белсенді айналысып келеді. Алтын жүректі азамат оларға Қарағандының Ә. Бөкейхан атындағы ауданнан, Саран қаласынан, Сұрыптау стансасынан пәтер таңдап әперді. Үйлі болудың белгілі шарты бар. Әуелі сұраным білдірген отбасылардың тұрып жатқан жеріне барып, жағдайымен жіті танысамыз, одан кейін, олардың барлық құжаттарын демеушіге тапсырамыз. Меценаттың таңдауына іліккен үміткердің құжаттарын, ең аяғы, банктен есепшот ашу жұмыстары бірлестіктің жетекшісі Ләззат Қожахметованың тікелей араласуымен атқарылады. Ләззат ханым отбасылар жаңа қонысқа кіргенше, олармен қатар жүреді. Демеушінің шартында көрсетілгендей, өтінім білдірушілерде 4-тен 8 балаға дейін болуы керек. Осы орайда, тағы бір қуанышты жайтты айтсам, таяуда баспанамен қамтамасыз етуге бейілдік танытқан тағы бір демеуші қатарға қосылды. Биыл пәтер сұраушылардың саны 36 отбасыға жетіп отыр. Жетекшіміз осы тараптағы жұмысты жетілдіру үшін,  «Асар-уме» республикалық қорының басшысына ұсыныспен шықты. Қор баспана сатып берумен айналысады. Нәтижесінде, облыстағы үш отбасы пәтер алды. Бұдан бөлек, екі отбасы өзіміздің тұрақты демеушіміздің қолдауымен баспаналы болды. Айтпақшы, біз бір жылдан асты, «Асар-уменің» волонтері болып табыламыз. Осы қорға көпбалалы отбасылардың құжатын жинауға көмектесіп, қажетті кеңестер береміз, – дейді қоғамдық бірлестіктің кеңесшісі Қымбат Бұлқайырова.

Мұқтаждың тілегін орындау оңай емес. «Талбесіктің» табанды қызметкерлерінің арқасында, қайырымдылық шаралары тоқтаусыз жүріп жатады. Ұйым мүшелерінің тыңғылықты ізденісімен табылған демеушілер ресми және айтулы мерекелерде, айт күндері  ауқымды қайырымдылық кештер өткізіп тұрады. Санаулы күн бұрын «Ана-мама» қоры тарығып отырған бірнеше көпбалалы үйлерге азық-түлік себеттерін таратты. Бірлестік жақындап қалған «Балаларды қорғаудың халықаралық күнінде» 100 балаға базарлық тарту етуді жоспарлап қойған.

– Көңілі пәк, жүрегі нәзік балаларды қуантқанға не жетеді?  Балғындардың жүзіндегі шаттықты көргенде, толқып кетесің. Күнделікті жұмыс барысында демеуші іздеп, көп жерге барамыз. Өкінішке қарай, өтінішімізді немқұрайды тыңдап, апарған  хатымызды ысырып тастайтын қатыгез жандар болады. Бірақ оған мойымай, көпбалалы отбасылардың алдындағы парызымызды орындауды жалғастыра береміз, – дейді Қымбат Ескендірқызы.

Бір өзі, бір министрлікке тән міндетті еңсеріп отырған «Талбесік» бірлестігі қанатын қомдап келеді. Алғыс арқалаған ұйымның жұмысы алға басатыны сөзсіз.

Тегтер: қайырымдылық еріктілер шара

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.06.2022, 11:44
Қарағанды облысында кәсіпкерлер саны өсуде
Сайт әкімшілігі 22.06.2022, 09:49
Абай облысында орман өртеніп жатыр
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 22.06.2022, 08:30
Отставкіге кетуге дайын
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 21.06.2022, 10:40
Н. ҰРАНХАЕВ: Семейдің өзекті мәселесі жетерлік
Б.СӘРСЕНБІ 17.06.2022, 16:20
Тасқынның тақсіретін тартпаймыз десек...
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 16.06.2022, 13:30
Шет ауданында мал қырылуда

Аңдатпа


  • Қазақстан азаматтығын тарату – қылмыс
    23.06.2022, 09:23
  • «Тойсаңдар, тоба қылыңдар»...
    23.06.2022, 09:20
  • Ертең «мың ұлысты Қазақстан» боп тұрмайық
    23.06.2022, 09:11
  • Аймағамбетовтың реформасы жаңа министрге үлгі бола ма?
    22.06.2022, 08:36
  • Тоғжановтың қиялы...
    22.06.2022, 08:33