Қар құрсауында қалған 11 адам құтқарылды

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

08.02.2021, 15:24

921

Қарағанды облысында соңғы тәуліктерде ауа райы құбылып, кей жерлерде алай-дүлей боран соғып кетті. Сондай-ақ жылымық күн райының салдарынан көктайғақ орын алып, көлік қозғалысы қиындап кетті. 7-8 ақпанда қолайсыз ауа райының салдарынан Қарағанды облысының басым бөлігіндегі жолдар жабылып,қозғалысқа шектеу қойылған.

Алайда алыс жолға шығып кеткендер арасында қауіпті жағдайға тап болып көмек сұрағандар көбейген.

Екі тәулік ішінде ТЖД мамандары қар құрсауынан шыға алмай "Қарағанды — Аягөз- Бұғаз" автожолында рульді басқара алмаған автокөлік жүргізушісі жол шетіне шығып кетіп, аударылып қалған. Жол көлік оқиғасынан абырой болғанда ешкім зардап шекпеген. ТЖД көмегімен көліктегі 3 адам құтқарылып, Қарқаралы қаласына жеткізілген. 8 ақпанда сағат 02.50 де Қарқаралы ауданында жергілікті маңызы бар  «Аманжолов — Аққора» автожолында Қарқаралыдан 60 шақырым жерде Төтенше жағдайлар қызметінің күшімен қар құрсауында қалған екі жеңіл көлік шығарылды. Екі көлікте 8 жолаушы болған оның ішінде үшеуі бала. Төтенше жағдайлар мамандары облыс аумағында алай — дүлей боран соғатынын үздіксіз ескертуде. Сондай-ақ мамандар жолдың жабылуына қатысты ақпаратқа құлағдар болып жүруге кеңес береді. Төтенше оқиғаға тап болған жағдайда 112 телефонына қоңырау шалып, көмек сұрауға болады.

Тегтер: ауа райы аяз болжам синоптик

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:21
Қарағанды облысында жол-көлік апаты салдарынан үш адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 08:51
ШҚО-да қарттар үйінің лауазымды тұлғалары 7,4 млн теңге жымқырған
Бифат ЕЛТАЕВА 11.08.2022, 16:56
Жас таланттарды анықтайтын жоба
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 15:06
Қостанайда балабақша тәрбиешісі үш жасар бүлдіршіннің сүйегін сындырған – министрлік
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 10:22
Қазақстанның бірқатар өңірінде бейсенбі күні бұршақ аралас жаңбыр күтіледі
Сайт әкімшілігі 09.08.2022, 17:35
Түркістан: АӘК алатын отбасылардың балалары мектеп формасымен қамтамасыз етіледі

Аңдатпа


  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49
  • Ұлттық банк пен Үкімет қымбатшылықты құрықтауға неге қауқарсыз?
    08.08.2022, 08:49