Қарабалаев қайтер екен?

Нұрболат ӘЛДИБЕК

09.03.2021, 09:36

1479

Газетіміздің өткен нөмірлерінде, "Жақсылықов жақсы әкім бола алмай отыр" «Ергебеков Жуалыны тоздырып жіберді» атты мақалалар жарияланғаны белгілі. Аталған мақалада «Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев «Жұмысын үйлестіре алмай отырған әкімдер деп, мен Тараз қаласының, Жуалы, Меркі және Сарысу аудандарының әкімдерін айтар едім» деп жауап берді. Бұл сөз жұртшылыққа «жақын күндері аталған әкімдерқызметінен босайды» деп естілгендей болды» деп жазған едік.

     «Құланның қасуына мылтықтың басуы» дөп келді ме, әйтеуір, ауыз жиып үлгергенше Жуалы және Меркі аудандарының, артынша Сарысу ауданының әкімі қызметімен қош айтысып, олардың ешбіріне басқа жерден былғары орындық бұйырған жоқ. Енді «Қарабалаев қайтер екен» деп, екі көзі төрт болмаса да, елеңдеп отырғандар көп.

     Жалпы, бұған дейін де Айтқазы Дәулетқұлұлын бірнеше рет қызметінен кетіп жатыр екен дегенімен, «больничныйдан» соң, көне шаһардың жарығы жоқ, ой-шұқыры көп көшелерін аралап, тұрғындардың мәселелерін тыңдап, жаңа екпінмен жапыра жұмыс істеп, бел шешіп кірісіп кететінін көзіміз көріп жүр. Бірақ «бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» демекші, бұл жолы Қарабалаевтың басына үйірілген қара бұлт қалың сияқты. Өйткені көне шаһардың тізгінін облыс әкімінің әлеуметтік салаға жауапты орынбасары, өңірге Сапарбаев өзімен бірге жетектей келген Ержан Жылқыбаев ұстайды деген әңгімені Әулиеатада айтып жүргендер көп. «Әй, Жылқыбаев әлін білсін, ол орынға экс-мәжілісмен Қожахан Жабағиев «жүгіріп» жатыр» деп екінші біреулер тон пішуде. Олардың ойынша, «Жабағиев «жүгірсе» жетеді, күрессе жеңеді».

       Не десек те, қазір Қарабалаев ресми түрде кетпесе де, ол орынға осылайша қызу тартыс жүріп жатқандай. Өйткені «жұмысын үйлестіре алмай отырған әкімдер» деп, Сапарбаев атаған төрт әкімнің Айтекеңнен өзге үшеуі ертесіне-ақ топ ете қалғаны белгілі. Дегенмен шегесі жуан, шатыры мықты дейтін Қарабалаев осы жолы қайтер екен деп, жоғарыда айтып өткеніміздей, елеңдеп отырғандар көп.   

Тегтер: әкім тағайындау кадр маман мәселесі

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 15:52
«Қазақстан – бұрынғы Кеңес Одағы аумағында құрылған ірі бітімгершілік күштердің бірі»
М.СӘУЛЕБЕК 14:15
Министр штаб отырысын Шымкентте өткізді
Б.СӘРСЕНБИ 12:59
Түркістанда 25 тойхана жабылды
Миуа БАЙНАЗАРОВА 09:18
Қашпаған сиырдың уызынан дәметіп отырмыз
Сайт әкімшілігі 04.08.2021, 16:32
Алматы облысында демалыс күндері локдаун жарияланады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 04.08.2021, 12:03
Қараусыз қалған аулалар, қоқыс басқан Қарағанды

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58