Қарағанды - Нұр-Сұлтан тасжолындағы ірі жол апатынан екі адам қаза тапты

Сайт әкімшілігі

15.11.2021, 09:57

468

Қарағанды — Нұр-Сұлтан тасжолында бес көлік апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан екі адам қаза болды. 

14 қарашада сағат 19.20-да Қарағанды — Нұр-Сұлтан тасжолында ірі жол апаты болды. Көктайғақ пен қалың қардың әсерінен тасжолда бірден бес көлік соқтығысты. Оқиға орнында алған жарақаттардан екі адам қаза болды. Апат болған жерден түсірілген видео әлеуметтік желілерде таралды.

«Бұл дерекке қатысты ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі „Абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу“ бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды, нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады. Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін сақтауды сұрайды», — деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Тегтер: жол апаты оқиға тергеу тексеру

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 19:13
Шымкенттегі жарылыс: Оқиға салдарынан бір нәресте шетінеді
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 18:29
Шымкент:Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг берді
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 20.05.2022, 11:50
Кәсіпкерлік ортаның бәсекесі қыза бастады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 11:25
Қарағанөзектік балалар өлімге бас тігіп жүріп білім алуда
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 08:27
Қарағандыдағы 7330 үй басқарудың жаңа жүйесіне енуге қауқарлы
Кемел ЖАН 18.05.2022, 13:35
«Жаңа Қазақстанның» мақсаты – парасыз мемлекет құру

Аңдатпа


  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56
  • Балалар жылында балалар неге шеттетіледі?
    19.05.2022, 08:40
  • Қалтырауық үкімет
    18.05.2022, 06:20
  • Қонаев кімнен кем, кімнен артық еді?
    18.05.2022, 06:17