Қарағанды облысы желтоқсан айында цифрлық эфирлік хабар таратуға көшеді

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

08.11.2021, 18:37

304

Заманауи технологиялардың үдемелі қарқынмен дамуы теледидар саласына да келді. Әлемді өзгерткен алғашқы  анолгтық желіге көшу  елімізде 2018 жылы басталды.  Бұл жүйе бойынша  республика халқын қамту деңгейі 91,11%-дан асты. Аналогтық хабар тарату теледидар пайда болғаннан бері қолданылып келеді. Мамандардың айтуынша, оның айырмашылығы экрандағы бейненің түсі мен дыбыс ағынының амплитудасының, жілігінің сондай-ақ, фазасының жылдам өзгеруімен аңғарылады.  Сондықтан ол талап үрдісінен шығып қалып отыр.

— Аналогтық цифлық  хабар таратуда  сигнал үздіксіз диапазонда өзгереді және сыртқы ортаның тойтарысына шыдас беруге қауқарсыз. Нақты айтқанда,  тосын табиғат құбылыстарына қарсы тұра алмайды. Нәтижесінде  эрандағы сурет бұрмаланады. Егер сигнал өте ұзақ қашықтыққа берілсе, суреттің жарқырауы, бұрмалануы секілді  кемшіліктер анық аңғарылады,-дейді «Қазтелерадио» АҚ-ның «Қарағанды облыстық радиотелехабарлар  тарату дирекциясы» директорының орынбасары  Досхан Төлеков.

Осы кемшіліктерді жою үшін  қазір телеөнімдердің барлығы  цифрлық форматқа түсіріледі. Сапасы сын туғызған аналогтық желі цифрлық эфирлік хабар тарату жүйесінің шаңына ілесе алмайды. Алдыңғы  ескі  жүйеден бас тарту  енді Қазақстанға да жетті. Желтоқсан айында еліміз бойынша Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысы цифрлық эфирлік хабар тарату жүйесіне көшіріледі. Бүгінгі күнге дейін облыста 6 радиотелевизиялық станция салынып,  жаңғыртылды. Жыл басында аймақ тұрғындарының 96,3 % әлемдік телевизиялық сапамен қамтамасыз етіледі.

-  Цифрлық эфирлік телехабар тарату желісі   өңірдің 29 радиотелевизиялық станциясында жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта  ұзын саны 23- ке жететін елді мекендер мен аудандар  аталған жүйе бойынша телехабар таратудың сенімді сигналын қабылдап отыр. Заманауи жүйені  Қарағанды қаласы бойынша абоненттік төлемі жоқ 26 телеарна сондай-ақ, 11 елді мекен қабылдап алады. Әлеуметтік жобаның мақсаты-халықты ақысыз сапалы телевизиямен қамту. Ал, аналогтан «цифрға» көшу «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан жұмыс,-дейді аймақтық ведомствоның ресми өкілі  Досхан Байгелдіұлы .

Түптеп келгенде, сандық форматқа ауысу — көрсетілімге мін арытпайды. Ол экрандағы  бейне мен дыбыс сапасын жоғарлатып, сигнал берудің жылдамдығын жоғарлатады және  көрермен талғамын кеңейтуге жол ашады. Бұл жаңашылықтың тағы бір тиімділігі, телевизиялық каналдардың саны едәуір ұлайтады. Әсіресе, бұл елді мекен тұрғындарына тосын сый болмақ. Бұрынғы аналогтық форматтағы 2-3 арнаның орнына, енді олар бір тартқышта бірден 15 телеарнаны трансляциялауға мүмкіндік алмақ. Бұған дейін тұтынушылар  қызметтің осы түрі үшін электр энергиясынан едәуір  шығынға батып келген болатын. Жақын уақытта ондағы тарату қызметінің ақысы әжептеуір азаяды. Осылайша, Қарағанды облысында аналогтік телевизиялық хабар тарату уақыты аяқталып, цифрлық эфирлік телевизияның дәуірі аяқ басты.  Айта кетер болсақ,  қазіргі кезде әлемдегі 70 -тен астам ел толығымен цифрлық хабар таратуға енген. Теледидар тарихындағы  жаңа реформа 1990 жылдан бері Еуропада пайда болды. Оны алғашқы болып Германия мен Нидерланды сынақтан өткізген. Айтпақшы, қазір жаhанның 60 мемлекеті «digital» буынды форматқа көшу кезеңінде тұр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:19
Шиелі ауданында 3297 жаңа жұмыс орны ашылды
Бифат ЕЛТАЕВА 12:21
Ғибраты мол байқау
Сайт әкімшілігі 08:37
Павлодарда лак-бояу өнімдері қоймасында алапат өрт болды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 13:30
Қарағандыда тағы бір ферроқорытпа зауыты ашылды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 12:16
Жезқазған ақыны Қарағандыда өткен республикалық айтыста Бас жүлде иегері атанды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 26.11.2021, 09:15
Қара алтынның үстінде отырған Қарағандыда көмір қымбат

Аңдатпа


  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30