Қарағанды облысында 18 мың жаңа жұмыс орны ашылды

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

17.08.2021, 12:51

1616

Ағымы қатты заманда көштен қалмай күнелту үшін кез келген жанға қолайлы жұмыс болу маңызды. Мемлекет басшысы Қасым — Жомарт Тоқаев халыққа бағыттаған жолдауында «жалпы ішкі өнімнің абстрактілі өсімімен жұртты қуанта алмаймыз. Халыққа тұрақты жұмыс орындары, қолайлы жол, ауруханалар мен мектептер, сапалы азық — түлік керек " деп атап өткен болатын.    Қарағанды облысында бүгінде мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асуы нәтижесінде екі қолға бір күрек болатын жұмыс тауып жатқандардың қатары артқан.

Қарағанды облысында 2021 жылдың жеті айында мемлекеттік бағдарламалар бойынша 18 мың жұмыс орны ашылды. Жұмыс орындарының ашылуымен қоса өңірдегі тұрғындардың бизнес — идеяларын жүзеге асырып, кәсібін дөңгелету үшін 685 грант берілді. Мұндай гранттардың берілуі әсіресе ауданда тұрып жатқан халықтың кәсіп ашып, өзін-өзі жұмыспен қамтуына үлкен мүмкіндік болды. Кәсіп ашып өз ісін әрі қарай дамытқысы келгендерге облыста «Бастау Бизнес» мемлекеттік бағдарламасы үлкен қолдау болған. Бұл бағдарлама негізінде алдымен  тұрғындарға кәсіпкерлік негіздері арнайы курспен оқытылады. Оқу барысында ниет білдірген тұрғындар кәсіпті қалай ашып оны әрі қарай дамыту қажеттігі жөнінде оқып шығады әрі өз идеяларын ұсынады. Бағдарлама негізінде жаңа бизнес — идеяларды іске асыруға 583 мың теңге сомасында өтеусіз грант немесе  жеңілдікті мөлшерлемелер бойынша микрокредит берілді.

«Осы жылда өз кәсібін ашқысы келген 1 538 адам жоба бойынша оқуға жіберілді. Бағдарлама қатысушыларына 685 грант және 471 шағын несие берілді. Шағын несиелер көбінесе мал шаруашылығына, өсімдік шаруашылығына, азық — түлік  пен киім өндірісіне, халыққа қызмет көрсетуге, жолаушылар мен жүк тасымалына берілген болатын »,- деп мәлімдеді Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Төлеу Мұхтар." Бастау — Бизнес " бағдарламасымен кәсіп ашуға ниет білдіргендер алдымен тұрғылықты мекен жайы бойынша жұмыспен қамту орталықтарына барып толық мәлімет ала алады. Бұл бағдарламадан басқа Қарағанды облысында халықты жұмыспен қамтуға көмектесу мақсатында «Еңбек », " Жұмыспен қамтудың жол картасы" және басқа да бағдарламалар іске асырылуда. Биылғы жылы осы мемлекеттік бағдарламалар бойынша 75 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Оның ішінде «Еңбек » бағдарламасымен 41 мың адамды, ЖҚЖК аясында 800 адамды, басқа бағдарламалар бойынша 33 700 жұмыссыз жүрген жандарды жұмысқа орналастыру жоспарға алынған.2021 жылдың 7 айында «Еңбек» бағдарламасы негізінде жұмыспен қамту шараларымен  25 мыңға жуық адам қамтылып, 21 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды. Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 930 адам жіберілген.

Жастар тәжірибесіне 653 адам орналастырылып, қоғамдық жұмыстарға 5 571 адам тартылған болатын. Барлық  мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуына орай  18 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары  ашылды. Облыс тұрғындары  арасындағы әлеуметтік осал топтарға да мемлекет тарапынан қолдау көрсету басты назарға алынған. Өңірде атаулы әлеуметтік көмек 3 521 отбасыға бөлінеді. Кепілдендірілген әлеуметтік пакет 1 жастан 6 жасқа дейінгі 3 967 балаға тағайындалды.

Мамандардың мәліметінше, мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін өңірде әлеуметтік қызметтер порталы құрылған. Портал арқылы мүмкіндігі шектеулі жандар оңалту құралдары мен қызметтерін делдалсыз тікелей жеткізушілерден өздері сатып алу мүмкіндігіне ие болады. Әлеуметтік қызметтерді де портал арқылы мүгедектер рәсімдей алады. Сонымен қатар облыс тұрғындарына ыңғайлы болу үшін шілде айында 1414 нөмірі бойынша бірыңғай Call — орталық ашылған. Бұл жерден тұрғындар әлеуметтік  портал жұмысы туралы барлық ақпараттар алады.

Тегтер: экономика инвестиция кедейлік шегі халық нарық

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 15:00
Оралда көкөніс өсіру тиімді бизнес
Миуа БАЙНАЗАРОВА 08:40
Әділхан ЖӨЛЕКЕШОВ: Оқушыларымыз карантиндік талапқа сай білім алуда
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.09.2021, 18:23
Қарағандыда құрылыс басында қазалы жағдай орын алды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.09.2021, 16:55
Нұралықтар-қауырт қимыл үстінде
Таңшолпан ҒАЗИЗҚЫЗЫ 17.09.2021, 11:38
Қоқыс та қордалы мәселе
Мариям МАҚСАТ 17.09.2021, 09:13
«Басшымыз күн көрсетпейді»

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39