Қарағанды облысында биыл тұрғын үй құрылысын салу рекордтық көрсеткішке жетті

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

09.11.2021, 16:00

596

Қарағанды облысында тұрғын үй құрылысын салу жылдан жылға ұлғайып келеді. Биылғы жылы Қарағанды облысында Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде тұрғын үй құрылысын салу көрсеткіші алғаш рет рекордтық көрсеткішке жетті.Өңірде биыл 662 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Баспана салу жағына келгенде Қарағанды облысы еліміз бойынша көш бастап тұр. Аймақтағы көп жылдан бері игерілмей тұрған жерлерге құрылыстар салынып, тұтас бір ықшам аудандар бой көтерді. Ел азаттық алған 30 жыл ішінде Қарағанды облысында 7,8 миллион шаршы метрге жуық баспана салынды. 80 мыңнан астам отбасы жаңа үйлерден пәтер алды. Өңірде қызу қарқынмен жүріп жатқан құрылыс жергілікті еңбек нарығын және құрылыс материалдары өндірісінің дамуына септігін тигізді. Құрылыс жұмыстарына негізінен отандық өнімдер пайдаланылды. Құрылыс жұмыстары көптеген жандар үшін жұмыс орнына айналып табыс табуына мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта Қарағанды қаласында 10 қабатты бірнеше тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын қалған. Бұл үйлердегі пәтерлер жыл соңына дейін пайдалануға берілетін болады." Өткен жылмен салыстырғанда, облыста тұрғын үй құрылысы 25 пайызға өсті. 2021 жылдың 9 айында 400 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Биыл 662 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр",- деп мәлімдеді Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Абзал Жайлыбаев. Жыл сайын " Нұрлы жер " бағдарламасы бойынша халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарына 2- 2,5 мың пәтер беріледі.Бұл жалға берілетін және несиелік пәтерлер болып табылады.  Айта кетер бір жайт аймақта тұрғын үй құрылысының көп салынуы жылдар бойы баспана күтіп кезекте тұрғандардың санын азайтуда.Жыл соңына дейін Қарағанды облысында кезекте тұрған 3 мыңға жуық адам баспанамен қамтылады. Алдағы уақытта 830 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарда бар. Сондай — ақ пайдалануға берілген әлеуметтік нысан құрылысы да жақсы қарқынмен жүргізіліп келеді. Былтырғы жылы 8 әлеуметтік маңызы бар нысанның құрылысы салынған. Ал биыл өңірде 34 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде 11 нысан білім беруге, 3 мәдениетке, 9 спорт, 9 денсаулық сақтау, 2 нысан ветеринарияға арналып тұрғызылуда. Қарағанды облысы бойынша, құрылыс жұмыстарының негізгі көлемі Қарағандыда, Қаражалда және Шет ауданында орындалды. Жалпы есеппен алғанда 2020 жылы 1018 нысан пайдалануға берілсе, соның ішінде 878 тұрғын үй және 140 тұрғын емес нысандар бар. Тұрғын емес сипаттағы ғимараттардың ішінде сауда кәсіпорындары және көлік, байланыс және коммуникация, өнеркәсіп объектілері іске қосылған болатын. Бүгінгі таңда Қарағанды қаласының аумағы ұлғайып келеді. Қазыбек би ауданының Оңтүстік Шығыс бөлігінде қаланың жаңа орталығы бой көтеріп келеді. Оңтүстік Шығыс пен Майқұдықтың арасындағы бос жатқан жерлерге құрылыс нысандары көп салынып екі  аудан арасын қосу жоспарда бар. Қазірдің өзінде бұл аумаққа құрылыс нысандарын салу жүргізіле бастаған.Тұрғын үй көбірек салынса, қарашаның қолы баспанаға тезірек жетіп, тұрмыстық хал ахуалы да жақсарып қалары сөзсіз.

Тегтер: тұрғын үй пәтер үлескер

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17:45
Шиелі ауданында 3297 жаңа жұмыс орны ашылды
Сайт әкімшілігі 16:19
Шиелі ауданында 3297 жаңа жұмыс орны ашылды
Бифат ЕЛТАЕВА 12:21
Ғибраты мол байқау
Сайт әкімшілігі 08:37
Павлодарда лак-бояу өнімдері қоймасында алапат өрт болды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 13:30
Қарағандыда тағы бір ферроқорытпа зауыты ашылды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 12:16
Жезқазған ақыны Қарағандыда өткен республикалық айтыста Бас жүлде иегері атанды

Аңдатпа


  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30