Қарағанды облысында бұқаралық спортты ілгерлету кең өріс алған

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

10.11.2021, 11:49

491

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Қазақстан халқына арнаған жолдауында: «Барлық жас санаттары арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттау керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымының барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту-приамидаға айналуы тиіс»-дей  келе  мемлекет басшысы тиісті министрлікке  бұқаралық спортты дамытудың маңызын бекемдейтін кешенді бағдарлама әзірлеуді тапсырған болатын.

 Әлемдік олимпиядалардың бірнеше чемпиондарын қанаттандырған Қарағанды облысында бұқаралық спорт жалпы халықтық сипат алуға бет бұрды. Былтырдан бері тың жобалар қолға алынуда.  Ауылдық өңірлерде бұқаралық спортты өрістетуге игі қадамдар жасалуда. Бұл жайында өткен аптада облыс әкімі журналистерге баяндап берді. Бақ өкілдерін елең еткізген жағымды жаңалық-келесі жылы Қарағандыда ипподром құрылысы басталады. Атшабар салу қажеттілігін тұрғындар биліктегілерге талайдан бері айтқанмен, сөзбұйдадан аспай келген еді. Түйткілді мәселенің шешімі енді табылғандай. Жоспар бойынша ипподром екі жыл салынады.

Қазір атшабарға арналған 50 гектар жер телімін рәсімдеу жүргізілуде екен. Облыс орталығында бұқаралық спортты ілгерлету мақсатында сыйымдылығы үш мың адамға арналған футбол манежі мен күрес орталығының жобалау-сметалық құжаттары дайындалу үстінде. Кеншілер шаhарында тағы бір ауқымды жоба ілгерлеуде. Ол ұзындығы 50 метрлік жүзу бассейінің құрылысы. Күрделі нысанды салуға қазынадан 1 млрд теңге бөлінген.  Көпшілікке кеңінен танымал, Қарағандының шахтер стадионың  екінші тынысы ашылуда. Спорт нысанының  төменнен жылытатын әрі автоматты суару жүйесімен қамтамасыз етілетін көгал төселді. Стадионның ішіндегі жуынатын, шешінетін орындары жаңартылып, трибунадағы орындықтар  жаңадан ауыстырылды. Мамандардың айтуынша, мұндағы қайта жабдықтау жұмыстары аяқталған соң, футбол алаңы Қазақстан футбол федерациясы мен УЕФА-ның төртінші санатындағы талаптарына сәйкес келеді.  Өңір басшысының мәлімдеуінше, былтырдан бері шалғай ауылдарда  дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы қарқынды жүргізіп жатыр.

—  Ботақара кентінде 320 орындық  кешеннің құрылысы тұрғызылу үстінде. Кешен «Ауыл- ел бесігі»  бағдарламасы аясында іске асырылып жатыр. Қарқаралы қаласында 320 орындық  кешеннің құрылысы жүруде. Егіндібұлақ ауылында да, осындай кешеннің жобалау-сметалық құжатары дайындалу үстінде. Бұдан қосымша, 2020-жылғы  «Еңбекпен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша,  республикалық бюжеттің қаражатына сегіз спорттық нысанның құрылысы басталды. Ол бойынша, Атасу мен Нұра кенттерінде жүзу бассейіні тұрғызылып жатыр. Сондай-ақ,  Ақтас пен Жезді кентінде 160 орындық  спорттық сауықтыру кешендері салынады,-деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

 Аймақ тұрғындарын бұқарлық спортқа ынталандыру  үшін жасалып жатқан жұмыстар мұнымен шектелмейді.  Облыстың мысты өлкесі- Жезқазған қаласында да оң жобалар қолға алынған. Мұнда 2022 жылы спорт мектебінің есу базасы пайдалануға берілмек.

 Бүгінде спорт саласына көтеруге жеке кәсіпкерлер  ынта білдіре бастауы құптарлық қадамының  бірі болып отыр. Мәселен, Пришахтинск шағын ауданында  спорттық сауықтыру кешені,  үстел теннисі орталығы, теннис орталығы, триатлон-парк салынып жатыр. Теміртау қаласында жергілікті кәсіпкердің қаржысына дене шынықтыру-сауықтыру кешені бой көтеруде. Еске салар тағы бір  жәйт, өңірде  спорт нысандарын жөндеуге ерекше мән беріліп отыр. Осы міндеттерді еңсеру аясында 14 жоба қолға алынған. Облыстағы салынып, жөндеуден өтіп  жатқан кешендердің басындағы мердігерлерге талап күшейтіліп отыр. Бұл міндетті  облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы жеке қадағалауға алған.

Тегтер: спорт футбол хоккей ақпарат дерек ұйымдастыру

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17:45
Шиелі ауданында 3297 жаңа жұмыс орны ашылды
Сайт әкімшілігі 16:19
Шиелі ауданында 3297 жаңа жұмыс орны ашылды
Бифат ЕЛТАЕВА 12:21
Ғибраты мол байқау
Сайт әкімшілігі 08:37
Павлодарда лак-бояу өнімдері қоймасында алапат өрт болды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 13:30
Қарағандыда тағы бір ферроқорытпа зауыты ашылды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 12:16
Жезқазған ақыны Қарағандыда өткен республикалық айтыста Бас жүлде иегері атанды

Аңдатпа


  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30