Қарағандыда «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны жоғары деңгейде өтті

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

06.10.2021, 15:53

541

Отан-қасиетті ұғым. «Жердің қай пұшпағында жүрсең де, түптің--түбінде оралатын бір жер бар. Ол-отаның» деп қазақтың кемел ақыны Қадыр Мырза Әлі  тауып айтқан.  Отан-ана, отан -пана. Еліміздің болашағы-жасұрпақтың бойына  ұлттық патриотизм сезімін қалыптастыруда, әсіресе әскери тәрбиенің орыны ерекше. Биыл жетінші жыл қатарынан өтіп келе жатқан  республикалық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны осыған айғақ.

Бүгін  айтулы жарыс Қарағанды қаласында салтанатты жағдайда ашылды. Биылғы байқау Қазақстан тәуелсіздігінің 30-жылдық құрметіне орай арналып отыр.  Онлайн форматта өтіп жатқан шараға республикамыздың 74 командасы қатысып жатыр. Сайысқа 14-18 жас аралығындағы жасөспірімдер де қамтылған. Мыңнан астам сайыскерлер түрлі байқаулар бойынша жүлдеге таласады.

-Мұндай байқаудың офлайн форматта өткені неғұрлым шынайы сезім тудырары сөзсіз. Бірақ, бүгінгідей пандемия бәсеңдемей тұрған жағдайында сақтық-бәрінен де маңызды. Десек те, биылғы  онлайн шараға үлкен мән беріліп отыр. Біздің облыстан 3 команда қатысып жатыр. Мұның алдындағы іріктеу тартысында үздік көрінген 45 өренді осы жарысқа баптап әкеліп отырмыз. Команда мүшелерінің барлығы жігерлі жастар, ең бастысы- отан деген ұғымды қастерлей білетін нағыз патриоттар деп ауыз толтырып айтуға болады. Таным көкжиектері  кең, ұлттық рухты бойларына сіңірген жастарға ел сенімін арытуға болады. Менің ойымша, бала қалыбына шынашақтай кезден рухани-патриоттық құнды қасиетті сіңіріп, тәрбиелеуде  әуелі отбасы мен одан әрі білім нәрімен сусындайтын мектеп шешуші роль атқарады,-дейді Қарағанды облысының қорғаныс істері  жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Мұқтар Қойшытаев.

Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеудің өз үрдісі болады. Ол мүдделер отан мен ұлтты қадірлеудің ұғымына саяды. Қай заманда да,  отандастар арасында қазақстандық патриотизмді   қалыптастыру шартты әрі заңды парыз. Ендеше, жаhандану ғасырының  «Z ұрпағы» үшін патриотизм деген не?

-Адам бойында отансүйгіш қасиет соғыс жағдайында ғана емес, бейбіт кезде де орнығу керек.  Ұлы отан соғысы жылдары біздің көз алдымызда өтпесе де, тарихтан куәміз. Оны көріп, оқу қолжетімді дүние. Алаштың ардақты батырлары Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов, Нүркен Әбдіров, Талғат Бегельдинов секілді бірегей тұлғалар үлкен отанды ерлікпен қорғады. Тіпті оттай ыстық туған жерін қорғау үшін   саналы түрде жанын пида етті. Олардың қайтпас қайсарлығы жайлы том-том кітаптар жазылды. Аңыз адамдар-нағыз патриот  емей немене?! Бүгінгі бейбіт заманның ұлы тұлғалары Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, еліміздің көк байрағын дүниежүзі жұртының алдында әйдек еткен сұңғыла спортшылар Серік Сапиев,  Дмитрий Карпов, Геннадий Головкин, әлемдік сахнада ұлттың өнерін өрге сүйреп жүреп, қазақты паш етіп жүрген хас таланттар Димаш Құдайбергенов,   талантты музыкант Иманбек Зейкенов, киноактриса Самал Еслямова қазақ жастарының темірқазығы болып табылады. Осындай таудай тұлғалардың   қайсарлығы үнемі өскелең ұрпаққа үлгі. Түптеп келгенде, отансүйгіштік  менің ұғымымда -отбасына, туған жерге, айналаңа құрметпен қарау, бойдағы талантыңды жұмсап мемлекетіне пайда әкелу. Мемлекеттің рәміздерін қастерлеп сақтау. Сапалы білім алып, салиқалы ел азаматы болып, туған елге еңбегіңмен сеп тигізу,-дейді байқауға қатысушы Аяулым Танатова.

Әскери-патриоттық байқауда қатысушылар түрлі атаулар бойынша тартысқа түседі. Атап айтқанда, «Айбын дарыны» зияткерлік ойыны, «Айбын жұлдызы» шығармашылық сайысы, «Мейірімділік біріктіреді» челлендж сайысы, «Смарт сарбаз» робототехникадан өнертапқыштар байқауы, «саламатты жас сарбаз» алғашқы медициналық көмек көрсету жарысы, әскери қолданбалы спорт түрлерінен, сонымен қатар   тоғызқұмалақ ұлттық ойыны мен  «жас сарбаз-жас тілші» медиабайқауы биыл қатарға қосылды.

         -Байқаудың аясы кең. Маған шараның «сен өз ойлағаныңнан да мықтысың!» деген ұраны үлкен әсер сыйлады. Демек, әр адам- талантты деген ұғымды нанымды түрде меңзейді. Осы сөзге иланып байқауға өз еркіммен қатысуға бел байладым. Бұл жерде алғашқы әскери техникалық пән сабағында оқып үйренге тәжірибиемізді сынамақпыз. Қазір біздің команда автоматты бұзып қайта құрастыру бойынша шеберлігімізді көрсетеміз. Ал, оның нәтижесін талғамы биік қазылар бағалайды. Әлбетте, мақсатымыз-жарыста жүлдегелі орынға ие болу. Байқауға мектеп алаңында тыңғылықты дайындалып келдік. Бап пен бақ қатар сыналатын жарыста арманымыз орындады деген үміттеміз,-дейді Балқаш қаласынан келген «Жас сарбаз» командасының ойыншысы Аяулым Танатова.  

Облыс орталығында жалауын көтерген республикалық  «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны қазанның 30-на дейін жалғасады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Расул ЖҰМАЛЫ 16:47
Азамат!
Сайт әкімшілігі 12:01
Арықта ұйықтап қалған бала отбасына оралды
Сайт әкімшілігі 11:58
Алты адам қаза тапқан жол апатының себептері анықталып жатыр
Сайт әкімшілігі 20.10.2021, 19:38
Жалпақ жұртқа аты мәлім Жақаев
Бақыт ТІЛЕГЕН 20.10.2021, 18:42
Ерікті болу еріккеннің ісі емес
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.10.2021, 16:02
Жазықты сытылып кетсе, жазықсыз соттала ма

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31