Қарағандыда көп қабатты үш үй сүрілуі мүмкін

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

13.04.2022, 15:13

1978

Бірден айта кетейік, өткен аптада Қарағанды қаласының оңтүстік-шығыс ықшам ауданындағы тұрғын үйлер мен көлік жолдарын тасқын су шайып, мұқым елді әбігерге салды. Жоғарыдағы тосын хабарды оқиға ортасына жеделдетіп жеткен шаhар әкімі Ермағанбет Бөлекбаев БАҚ өкілдеріне мәлімдеді.

– Үйлерінен аттап шыға алмай қалған жұртты трактордың қалағына отырғызып, тысқа шығаруға мәжбүр болдық. Бұқпа өзенінің жағасында тұрған көп қабатты осы үш үй апатқа төтеп бере алмайтын түрі бар. Бірақ бұл баспаналарды ысырар алдында құқық қорғау органдары заңдылық жағын егжей-тегжейлі тексеретін болады. Содан кейін шешім қабылдаймыз. Негізінен үш үйге де қатер бар, – деді кеншілер қаласының  бірінші басшысы.

 Бұқпа өзенінің сағасына салынған үйде 60-қа жуық адам тұрады. Тұрғындардың айтуынша, тасқынның алғашқы толқыны баспаналарына лап қойған.  

– Бұл үй 2017 жылы пайдалануға берілген. Соны ести сала, банктен 18 млн теңгеге ипотека рәсімдеп екі бөлмелі пәтер алдым. Екі ай бұрын қуанышым қойныма симай шаттанған едім. Енді төбемнен жай түскендей күйге еніп тұрмын, – дейді зар илеген Төлеутай Нығметжанова.

— Әлгіде,  К-700 тракторы көз алдымызда суға батып кетті. Өзен ағыны өтетін жерге тұрғын үй қалай салынған? Кім рұқсат берген?  Соны ойлап, қайраң қалудамын. Қазір қайда барып, кімнің босағасын жағаларымызды білмей дел-сал болып тұрмын. Оның үстіне, жағдайым ауыр. Екі балам бар, үшінші перзентке аяғым ауыр, – деп кемсеңдеді апатты үйдің тұрғыны – Назгүл Досжанова.

Тосын оқиға орын алған кезде өзен жағасындағы 11 пәтерлі бір үй ағын өтінде қалып, құтқарушылар пұшайман жағдайға килікті. Мамандар келешекте дәл осындай төтенше жағдай қайталанса, аталған баспана ендігісіне шыдас бермейтінін ескертті. Ал айтпай келген апат күні пәтер иелерінің біразы қонақ үйлерге жайғастырылып, кейбіреулері туыстарының үйін сағалап кеткен.

Тегтер: тұрғын үй сүру мәселе

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 10:30
Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 09:43
Коронавирус жұқтырған жеті қазақстандық ауыр жағдайда жатыр
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 19:13
Шымкенттегі жарылыс: Оқиға салдарынан бір нәресте шетінеді
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 18:29
Шымкент:Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг берді
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 20.05.2022, 11:50
Кәсіпкерлік ортаның бәсекесі қыза бастады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 11:25
Қарағанөзектік балалар өлімге бас тігіп жүріп білім алуда

Аңдатпа


  • Не істеу керек?
    24.05.2022, 08:00
  • Қазақстан шекарасын «қарақшы» күзетеді (видео)
    24.05.2022, 08:07
  • «Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
    24.05.2022, 08:05
  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01