26.04.2021, 10:17
716
Қарағанды, Теміртау және Жазқазған қаласының 1-5 сынып оқушылары қашықтан оқуға көшірілді. Аймақта короновирус індетінің өршуіне байланысты санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті жұқпалы кеселдің таралу қарқынын бәсендету үшін осындай қадамға барып отыр. Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, аталған үш шаhардың оқушылары сәуірдің 26 нан 10- мамырға дейінгі аралықта қашықтан оқу форматында білім алады. Айта кеткен жөн, 7-сәуірден бастап өңір «қызыл аймаққа» енген болатын. Содан бері облыста карантин шаралары күшейтілді. Аймақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми өкілі Айгүл Шатекованың мәлімдеуінше, «COVID-19» басталғаннан бері облыста 22336 адам жаңа кеселмен ауырған. Кешегі күнгі мәлімет бойынша, бір тәулікте 240 облыс тұрғыны короновирус жұқтырған.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР