Қарағандыда Қасым үйі ашылды

Сайт әкімшілігі

14.12.2021, 15:53

2659

Қарағандыда ұлы ақын Қасым Аманжоловтың 110 жылдық мерейтойына орай мұражай-үй ашылды. Қасым үйінде публицист пен ақынның сирек кездесетін қолжазбалары, оның кітаптары, жеке заттары мен фотосуреттері қойылған. Сондай-ақ ғимаратта Облыстық жазушылар, журналистер одағының филиалдары, «Қасым» журналының редакциясы, сонымен қатар өңірлік коммуникациялар қызметі де орналасқан.

Ашылу салтанатына Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек қатысты. Ол ұлы ақынның мұрасы ұрпақтан ұрпаққа берілуі керек екенін атап өтті.

– Қасым Аманжолов – қазақ әдебиетінің інжу-маржаны. Биыл оның туғанына 110 жыл толды және жыл бойы біз 500-ге жуық түрлі іс-шаралар өткіздік. Біздің қаламызда ақынның ескерткіші орналасқан көшеге Қасым Аманжоловтың есімі берілді, «Қасым» журналы шығарылады, онда еліміздің танымал әдебиетшілері басылады, жыл сайын Аманжолов оқулары, ғылыми-практикалық конференциялар, айтыс-мүшәйралар, поэзия кештері өткізіледі, – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек. – Біздің әртістер Елордада ақынның құрметіне үлкен концерт өткізді, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ драма театрының сахнасында «Рақымжанның Қасымы» қойылымының премьерасы өтті. Қасым үйінің ашылуы қарағандылықтар үшін маңызды оқиға екені сөзсіз.

Белгілі ақын Серік Ақсұңқарұлы Қасым үйі нағыз зерттеу орталығы, шығармашыл және ойшыл жастарды тартатын орын болатынына сенім білдірді.

– Қарағандыда Қасым үйінің ашылуы ұлттық рухты, сананы жаңғыртуды айғақтайтын тарихи оқиға, – дейді ақын Серік Ақсұңқарұлы. – Бұл үй Жастар Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығын зерттеп, оны жаңа қырынан танитын нағыз зерттеу орталығы болады деп үміттенемін.

Сондай-ақ, іс-шара барысында Е. А. Бөкетов атындағы ҚарУ жанындағы «Қасым тағылымы» орталығының ақынның мұрасы туралы баяндайтын екі томдығы және Жазушылар одағының облыстық филиалының төрағасы Жанат Жанқашұлының кітабы таныстырылды.

– Біздің орталық ұзақ уақыт бойы ұлы ақынның шығармашылығы мен өмірін зерттеп келеді. Ғалымдар Алматы, Орал және Семейде экспедицияларда болды. «Екпінді құрылыс» газетінде жарияланған өлеңдері мен публицистикалық мақалаларын Орал мұрағаттарынан тапты. Алматыда Аманжоловтың қызы Дариға бізге сирек қолжазбалар мен жеке заттарын сыйға тартты. Ол сондай-ақ бізге ұзақ жылдар бойы жасаған картотеканы берді. Онда ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы барлық мәліметтер қамтылған, – дейді Е. А. Бөкетов атындағы ҚарУ филология факультетінің деканы Елдос Туйте. – Биыл біз Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығының библиографиясын төрт бөлімнен тұратын «Қасым тағылымы» жинағын шығардық.

Кездесу соңында қатысушылар Қасым шығармашылығын одан әрі зерттеу бойынша бірлескен жұмыс идеяларымен бөлісті. Олардың әрқайсысы өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.

41

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 04.08.2022, 13:22
Ақтауда полицейді пышақтап кеткен күдікті ұсталды
Сайт әкімшілігі 03.08.2022, 19:42
Әлемде маймыл шешегі өршіп барады
Сайт әкімшілігі 03.08.2022, 11:45
СҚО-да азық-түліктің қымбаттауына байланысты балабақшаларда балаларды тамақтандырмайды
Сайт әкімшілігі 02.08.2022, 20:21
Қонаев қаласында Алматы облысы активінің отырысы өтті
Сайт әкімшілігі 02.08.2022, 09:29
Қазақстанда бір тәулікте екі мыңнан аса COVID-19 жұқтыру дерегі тіркелді
Нұрболат ӘЛДИБЕК 02.08.2022, 09:03
Жастар әкіммен жүздесті

Аңдатпа


  • Баспана аспандады, азық-түлік шарықтады, үкімет өз жөнімен қалықтап жүр...
    05.08.2022, 09:17
  • АЭС-тің арты жақсы бола ма?!
    04.08.2022, 08:55
  • «Қазақстан халқына» қорынан халыққа пайда бар ма?!
    03.08.2022, 08:59
  • «Аллаһу акбар деп айқайлаған»: Жамбыл облысында сотталушы түрменің үш қызметкерін жаралады
    02.08.2022, 08:47
  • Халықты жоқшылық қысып барады...
    01.08.2022, 13:40