20.09.2021, 18:23
508
Қарағандының оңтүстік-шығыс ауданында 20 жастағы тас қалаушы 9-қабаттан құлап қаза тапты. Әріптесіміз Айнұр Балакешеваның әлеуметтік желіде таратқан жазбасына қарағанда, бұл «Сапфир» тұрғын үй кешенінің құрамына кіретін бригаданың жұмыскері болып табылады. Қайғылы оқиға 18 қыркүйек күні сағат 18:20-да орын алған. Ауыр жарақат алған марқұм мертіккен жерде жан тапсырған. Жасындай жанған құрылысшы жігіттің ныспысы -Абзал Бөгетұлы. Осы құрылыс алаңында онымен бірге әкесі және ағасы жұмыс істейді деген ақпарат бар.
Мерт болған тас қалаушы қауіпсіздік шарасын сақтады ма, кінә кімнен және неден кетті деген сауал басы ашық күйінде қалып отыр. Өйткені жергілікті еңбек инспекциясының өкілдеріне қоңырау шалғанымызда, арнайы ақпаратты кейін хабарлайтындықтарын жеткізді. Оның алдында, ведмоствоның ресми өкілі суық хабар жайында жұмыс берушілер тарапынан өтініш түскен жоқ деп мәлімдеген болатын.
Ал, аталған тұрғын-үй кешені шаhарда көп қабатты бизнес-санаттағы үйлер тұрғызумен шұғылдануда.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР