28.09.2020, 08:28
570
Нұра ауданының Изенді, Тасбұлақ, Жарасбай елді мекендеріндегі үй құстарынан алынған сынаманың қорытынды нәтижесі шығарылып, құс тұмауы бар деген жорамал жасалды. Бізге арнайы сұқбат берген Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Марат Мұхтаровтың мәлімдеуінше, арнайы ережеге сәйкес, аудандық мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторларының ұсынысымен, үш округтің әкімдері тұрғылықты жерде карантин жариялау туралы шешім қабылдады. Қазір республикалық эпизотиялық отряд тобы қауіпті ошақтарды жою жұмыстарын жүргізуде. Атап айтқанда, шығынға ұшыраған құстар иелерінен алынып, әр аулаларға дизенфекциялау шарасы жасалынады. Басқа аудандардағы құс асыраушылар мен құс фабрикаларында жағдай тұрақты, өлім –жітім оқиғалары тіркелген жоқ. Мәселені облыстың ветеринар мамандары бақылауда ұстап отыр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Нұра ауданында 86 бас үй құсы белгісіз себептен қырылып қалғанын хабарлаған болатынбыз. Жұмбақ жағдайда өлген қанаттылардың сынамасы Нұр-Сұлтандағы «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталыққа» жіберілген еді.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР