Қарағандыдан шыққан алғашқы автобусты балаларға сыйлады

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

26.12.2020, 10:44

2385

Биыл  Саран қалаcында  автобустар, электробустар мен арнайы техника шығаратын « Qaz Tehna»  зауыты ашылған болатын.  Өндіріс әлемде ең ірі  «yutog» компаниясымен серіктестік орнатқан.  Жобаның құны 23 млрд теңгені құрайды.  Жаңа жылға санаулы күн қалғанда, отандық  алғашқы көлік Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан  Қарағанды қаласындағы №104-гимназияға тарту етілді.  Мемлекет басшысының бұл шешімі  әсіресе, білім ордасынан шалғай жатқан  Күнгей, Октябрь   аудандарынан   барып келіп оқитын оқушыларға ерекше тосын сый болды. Түсі  күн тектес көрікті әрі шағын көлікті көргенде,  ел ертеңдері ерекше шаттанды.  Сүйкімді автобустың ішіне  қаумалап кірген балақайлар  Президентке алғыстарын жаудырып жатты.  «Үлкеннің мыңына бергенше, баланың біріне бер» деген рас. 

Зауыттың  алғашқы  өнімі желтоқсан айында құрастырылған. Небары үш аптаның ішінде дайын өнімге айналды.  Келесі жылы аймақтың  білім беру  мекемелері осындай автобустармен қамтамасыз етіледі. Кәсіпорын  толық қуатта жұмыс істеуге көшкенде, мың адамға  жаңа жұмыс орыны ашылады.  Жұмысқа жергілікті тұрғындар тартылмақшы. Ұлттық көлік құрастыру өнеркәсібі бірінші кезеңде, оқушыларға арналған,  қалаішілік және қала арлық автобустар мен электробустар  шығарады. Жоба құнын  толық өткеген соң,  жүк таситын арнайы  техникалардың легін жөнелтпекші.  Зауыт   ішкі сұранысты толық  өтегеннен кейін,  бірегей көліктерін  жақын шетелдерге экспорттауды жоспарлап отыр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 21.01.2021, 17:44
"Ұлттық ат бәйгесін ас беру деңгейінде ғана қарастыруға болмайды"
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 21.01.2021, 16:13
Алименттен жалтарған әкенің көлігі тәркіленді
Мариям МАҚСАТ 21.01.2021, 14:14
Павлодар атауы өзгере ме?
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 20.01.2021, 09:21
Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.01.2021, 14:46
Қарағандылық қайсар ана депутаттыққа неге ілікпеді?
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 19.01.2021, 09:05
Әбдіқалықованы отставкаға жібереміз бе?

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» – әділдіктің трибунасы
    21.01.2021, 13:59
  • Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
    20.01.2021, 09:21
  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    20.01.2021, 09:32
  • "Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
    19.01.2021, 10:30
  • Ата-ананы өзекке тебетін заң қазаққа қажет пе?!
    19.01.2021, 09:15