Қарағандыны аяз әлекке салып тұр

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

04.01.2021, 14:06

1465

Қарағанды облысында үш күннен бері қызылшұнақ аяз күшіне енді. Аймақтың кейбір өңірлерінде, ауаның температурасы күндіз -30 градусқа төмендесе, түнде 43-45 градус аязды көрсетті. Үскірік аяз әлі бәсеңдеген жоқ.

Синоптиктердің болжауынша, суықтың беті  екі күннен кейін қайта бастайды. Қазір облыс орталығы Қарағандыда, -28 градус аяз болып тұр. Екі күннен бері дизель отынымен жүретін көліктердің алыс сапарға шығуына шектеу қойылды.  Әсіресе, мереке күндері жолаушылардың сұранысы ұлғаятын «Астана-Қарағанды» бағытына қатынатын рейстік автобустардың қозғалысы қаңтардың 1-нен бері тоқтатылды. Күн райынның күрт төменейтінін синоптиктер мен төтенше жағдай қызметкерлері халыққа  ерте ескерткенмен, оны елең қылмағандар опық жеп жатыр. Кеше түнде, патрульдік полиция қызметкерлері «Қарағанды-Астана» бағытын кесіп өтетін «Баймырза» ауылының тұсындағы көлік жолында, қаңтарылып тұрып қалған «Алматы-Екатеринбург» жүк көлігінің жүргізушісін құтқарды.

Осы оқиғаға байланысты бізге төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметінен толыққанды ақпарат алауға мүмкіндік болмады. Ондағы БАҚ өкілдерімен байланыс орнататын екі қызметкер де, ауқымды ақпаратты ертең береміз деп тайсақтап бақты.

Сондай-ақ, әріптестерімізден мәлім болғандай, қаңтардың 3-де, түнгі сағат 4-тен 27 минут өткенде,  Қарағанды қаласындағы Сәкен Сейфуллин даңғылы 2 мекен-жайында орналасқан «Юма» сауда орталығындағы  15 шаршы метр аумақты алатын азық-түлік бутигі өртке оранды. Тілсіз жау бір сағатта өшірілді. Мамандардың алдын-ала болжауы бойынша, төтенше жағдайдың орын алуына тоқ көздерінің тұйықталуы себеп болуы мүмкін.

Арқадағы аяздың  адам өміріне қауіпі мұнымен шектелмейді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнұр Әбдиеваның ақпаратына сүйенсек, аймақ бойынша 6 ересек адамды үсік шалған. Аяқ-қолдарын аяздың азуына  іліндірген жандардың  барлығы стационарға жатқызылып, дәрігерлердің ем-домын қабылдауда.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 27.05.2023, 19:33
Алматыда ішімдікке тәуелділердің саны 7,5%-ға азайған
Сайт әкімшілігі 27.05.2023, 10:45
Алматыда "Халық заңгері" кең ауқымды акциясы өтті
Сайт әкімшілігі 26.05.2023, 17:00
Оңтүстіктегі диқандар су тапшылығын тартып отыр
Сайт әкімшілігі 26.05.2023, 16:00
Оралдағы тергеу изоляторы құрылысын аяқтауға тағы 6 миллиард теңге қажет
Б.СӘРСЕНБІ 25.05.2023, 16:30
Шіркеймен күрес тамызға дейін жалғасады
Еркежан АРЫН 25.05.2023, 09:00
Алматы жастары арасында суицидтің алдын алу жұмыстарының маңызы

Аңдатпа


  • Келген қазақ құжатсыз, туған бала тұрақсыз
    26.05.2023, 10:25
  • Қазақтың жерін саудалап жүрген кім?
    26.05.2023, 09:51
  • Құқығың бұзылса, депутатқа айтасың, депутат бұзылса, кімге айтасың?
    26.05.2023, 09:13
  • Ғинияттың 207 мың кемшілігі
    25.05.2023, 10:00
  • Орталық Азияның «отағасы» кім?
    25.05.2023, 09:31