«Қаражалдың жолы үгітіліп, нысандары бұзылып жатыр»

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

06.08.2021, 12:04

1565

Қаражал қаласының тұрғындары «тоқсаныншы жылдардағыдай тоқырауға түстік пе» деп наразы болып отыр. Мұндағы халықтың айтуынша, жұрттың тіршілігіне өте қажетті, маңызды мықты кәсіпорындар кезінде жекеменшікке өтіп кеткен.

Жеке иелігіне алғандар Қаражалдағы бірнеше нысанды сатып, сатқаннан қалғанын жарамсыз күйге түсірген. Атап айтқанда, Қаражалдың суқоймасы мен жылуэнергоорталығы күйреп, жарамсыз күйге түскен.

Тұрғындардың айтуынша, бұл екі нысанды «Анис» компаниясы кезінде жекеменшікке сатып алған. Бір кездері халық игілігіне пайдаланып отырған бұл нысандар бүгінде қаңырап бос қалған. Компания басшылығы олардың ішіндегі қажетті құрылғыларды сатып жіберген. Енді бүгінде жылуэнергоорталығының сыртқы кірпіштерін де бұзып әкетуде. Қаражал тұрғындары «жекеменшікке алған адам бұл нысандарды халыққа пайдасы тиетіндей жұмыс жасауы  керек, қолдарынан келмесе бұзып тастамай, қолынан іс келетіндерге беруі керек еді» деп зар илейді.        

– Суқойма «Анис» компаниясының қолына өтіп, қараусыз қалды. Мына суқойманың  бер жағындағы насос арқылы су құбырларымен Қаражалға су беріп тұратын. Ал ар жағындағы насос сағатына 1000 текше метр су алатын. Суқойманы сатып алғандар насостарды сатып жіберді,  енді бәрі қараусыз, қажетсіз болып қалды. Осы насостардың көмегімен  Қаражал тұрғындары бау-бақшасына, малына су алатын еді. Енді халық тұрмысқа қажетті сусыз отыр. Ал жылуэнергоорталығының ішін сатты, енді сыртқы кірпіштерін алып жатыр, – дейді қынжылған Қаражал қаласының ақсақалы Есенбай Сағындық.       

Қаражалдың жолы да сапасыз, жыл сайын салынып, жөнделіп жатқанымен, пайда жоқ. Тұрғындардың айтуынша, Қаражал мен Жәйрем арасына салынып жатқан жол көз алдарында үгітіліп жатыр. Сексен шақырымды құрайтын жолды мердігер компанияның жөндеп жатқанына бірнеше жыл болған. Қаражал халқы жолға қаражат бөлген билік сол жолдың сапалы салынуын неге қадағаламайды деп наразылық білдіруде. Айтуларынша, былтыр қараша айында жауын-шашынға қарамастан, жол төсеген.

«Мына салып жатқан жолға қарағанда, бұрынғы жол жақсы еді, тіпті мынаған қарап тұрып қарның ашады. Жол түйіршігін қолға алып ұстасаң, смола жоқ, қолыңа жұқпайды, ал жол болса шетінен үгітіліп жатыр. Бұған назар аударуы тиіс билік қайда қарап отыр?» – дейді Қаражал қаласының белсенді тұрғыны Сексен Сүлейменов.     

«Қазавтожол» мекемесінің мәліметінше, былтыр мердігер пандемия салдарынан жөндеу жұмыстарын аяқтай алмай, биыл кіріскен. Енді олар жол бөлігін зерттеп, мердігердің қатесі болса, ол келесі жылы өз қаражатына  орнына келтіреді деп сендірді. Былтыр бұл жолды жөндеуге 190 млн теңге бөлінсе, биыл тағы 69 млн теңге қаражат қарастырылған. Шенеуніктердің айтуынша, жолды аяқтап, пайдалануға бергенде ғана ақша мердігерге аударылады.

Тегтер: жол құрылысы кептеліс мәселе әкімдік жергілікті әкімшілік қаражат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 16:55
Нұралықтар-қауырт қимыл үстінде
Таңшолпан ҒАЗИЗҚЫЗЫ 17.09.2021, 11:38
Қоқыс та қордалы мәселе
Мариям МАҚСАТ 17.09.2021, 09:13
«Басшымыз күн көрсетпейді»
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 17.09.2021, 08:28
Қарағанды облысындағы мектептерде короновирус қаулап барады
Б.СӘРСЕНБИ 17.09.2021, 04:29
«Балаларға вакцина салынады» деген жалған
Еркежан АРЫН 16.09.2021, 16:30
Қазақстандықтар министрліктердің нормативтік-құқықтық актілерін белсенді талқылауда

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39