Қашан 27 миллион қазақстандық болады?

Еркежан АРЫН

23.09.2022, 09:49

1116

ҚР Ұлттық экономика министрлігі еліміздің алдағы бес жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын жариялады. Есептер бойынша Қазақстан Республикасының халқы жыл сайын 250 мың адамға артып, 2025 жылға қарай 20 миллионға жетеді. Еңбек нарығының көрсеткіштері бойынша мұндай өсім өнімді жұмыспен қамтылған халық үлесінің өсуіне әкелмейді. Сарапшылар саны бойынша болжамды құрастыру кезінде өткен жылдардағы халықтың өсу қарқынын пайдаланды. Осылайша, Қазақстандағы азаматтар санының 18-ден 19 миллион адамға дейін артуы үш жарым жылда (2018-2021 жылдың ортасы) болған екен. Сол принцип бойынша келесі «шек» есептеліп отыр. Ел 2024 жылдың аяғында немесе 2025 жылдың басында 20 миллиондық шектен асады. Халықтың көші-қон ағыны күрт өссе немесе төмендесе, бұл көрсеткіш те сәл өзгеруі мүмкін.

Түрлі демографиялық көрсеткіштер 2025 жылға қарай еңбекке қабілетті азаматтар мен жұмыспен қамтылған халықтың үлесі 2 пайызға азайып, зейнеткерлер саны 2,3 миллион адамға дейін өсетінін көрсетеді. Жұмыспен қамту құрылымы да өзгеретін болады. Жұмысшылардың үлесі 76%-дан 77,3%-ға дейін өседі, сәйкесінше, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны да азаяды. Алдын ала болжам бойынша, алдағы бес жылда орташа айлық жалақы деңгейі 7-8% аралығында өсіп, 2027 жылға қарай 416,5 мың теңгеге жетеді. Бұл ретте ең төменгі жалақы бұрынғы деңгейде – 60 мың теңге болып қалады.

Жақында «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Болжау департаментінің мамандары туу, өлім және көші-қон көрсеткіштері бойынша демографиялық болжам дайындаған болатын. Сараптамаға сәйкес, 2030 жылға қарай Қазақстан халқының саны 20,8 миллионнан (теріс сценарий бойынша) 21,5 миллионға (оң сценарий бойынша) дейін, ал 2050 жылға қарай 23,5 миллионнан 27,7 миллионға дейін болуы мүмкін. Дмитрий Шумеков, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» болжау департаментінің директоры:

— Бұл ретте, егер өлім-жітім мен туу көрсеткіші 2021 жылғы деңгейде, ал сыртқы және өңіраралық көші-қон 2017-2021 жылдардағы орташа мәнде сақталатын болса, Қазақстан халқы 2030 жылға қарай 20 миллион 958 мың адамға, ал 2050 жылға қарай 27 млн ​​192 мың адамға жетеді», – дейді.

Ол орталықтың таңдалған базалық жылға, туу көрсеткішіне, өлім-жітім мен көші-қонға байланысты әр аймақ үшін 27 негізгі сценарий болжайтынын атап өтті. Сондай-ақ осы негізгі көрсеткіштерден тыс популяция санын модельдеуге, мысалы, тууды арттыруға немесе өлім-жітім деңгейін белгілі бір пайызға төмендетуге мүмкіндік беретін механизм әзірленді.

Осылайша, оның айтуынша, орталық сценарий бойынша 2030 жылға қарай халық саны ең алдымен Астанада – 420 мың адамға (1,7 миллион адам), Алматыда – 414 мың адамға (2 млн 466 мың адам), Шымкентте – 369 мың адамға (1,5 млн адам) өседі деп болжанады. Сондай-ақ Түркістан облысында халық саны 207 мың адамға, Маңғыстау облысында 170 мың адамға, Алматы облысында 145 мың адамға артады. Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Ақмола облыстарында халық санының төмендеуі күтілуде.

Сонымен қатар орталық талдаушыларының есептеулеріне сәйкес, болжамның орталық нұсқасы бойынша 2050 жылға қарай Шымкент қаласы өсу бойынша көшбасшы болады, биылғы жылдан 2,5 есе артып, оның тұрғындарының саны 2,8 миллион адамға жетеді. Астанада өсім 1 миллион 634 мың адамды құрайды, бұл 2,3 есеге өсіп, 2,9 миллион адамға сәйкес келеді. Алматыда тұрғындардың саны 3,5 миллион адамға немесе 1,4 миллионға өседі (2022 жылға қарағанда +69%). Маңғыстау облысында халық саны 820 мың адамға өсіп, нәтижесінде облыс халқының саны 1 миллион 571 мың адамды құрайды.

— Айта кетейік, біздің болжамымыз бен БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік мәселелер департаментінің халық санының жаңа болжамы ұқсас және сценарийге байланысты. Олар 2030 жылға қарай халық санының өсуін 20,8 миллионнан 21,5 миллион адамға дейін, ал 2050 жылға қарай – 23,5 миллионнан 27,7 миллионға дейін деп қарастырып отыр, – деп бөлісті Дмитрий Шумеков.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Ерзия ЕРСҰҢҚАР 29.09.2022, 14:10
Сот саласындағы маңызды жүйе
Сайт әкімшілігі 28.09.2022, 16:56
БҚО әкімдігі: Ресей мен Қазақстан шекарасы аумағындағы ахуал толық бақылауда
Бифат ЕЛТАЕВА 28.09.2022, 10:36
Шыныққан бала шымыр болады
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 28.09.2022, 05:56
Он екі жыл бұрын ашылған мектеп құлағалы тұр
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 27.09.2022, 15:49
Қарағандыдағы мектепке ұлт қайраткері Тәшеновтің аты берілді
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 27.09.2022, 12:39
Бұқаралық спорт мектептен басталады

Аңдатпа


  • Даниалдар «дань» төлемейді!
    30.09.2022, 08:34
  • Билік халыққа жау ма?!
    30.09.2022, 08:50
  • «Қуантыров қуантпайды, Пірматовтан пайда жоқ...»
    30.09.2022, 08:49
  • Тоны тозған қазақтың – тойы бітпес
    30.09.2022, 08:48
  • Әй, Әлихан, ер жігіттің екі сөйлегені өлгені!..
    29.09.2022, 08:37