#Qazaqstan30: Алматы облысында мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше жағдай жасалған

Қуаныш ЕРМЕКОВА

12.11.2021, 12:22

391

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап-ақ білім, денсаулық, жаңа ақпараттық технологияларға қолжетімділік, кәсіби және жеке бәсекеге қабілеттілік, патриоттық тәрбие, жас ұрпақтың табысты әлеуметтену мәселелері секілді маңызды мәселелер еліміздің назарынан тыс қалған емес. Бүгінгі күні Тәуелсіздіктің отыз жылдығында елімізде атқарылған істердің  жемісін, керемет нәтижесін де көріп келеміз. Қоғамымыздың әрбір мүшесіне жасалған жағдай осының айқын көрінісі. Қоғамның әрбір мүшесі дегенде еліміздегі мүмкіндігі шектеулі жандардың жұрт қатарлы әрекеті, басқалармен қарым қатынасы, қоғаммен араласа білуі аса маңызды. 

Қоғамымызда атқарылған әрбір игілікті шарадан мүмкіндігі шектеулі жандар қалыс қалған емес. Соның дәлелі биыл еліміздің Тәуелсіздігінің отыз жылдығы құрметі мен  Алматы облысы орталығының Талдықорған қаласына көшірілгеніне 20 жыл толыып отыр. Осынау мерейлі мерекелер тұсында атап өтер жайт, 2001 жылы облыс әкімінің аппараты және басқа да құрылымдар Алматыдан Талдықорғанға көшірілген болатын. Бүгінде Жетісудың бас қаласы, Алматының іргесінде жедел дамып келе жатқан Талдықорған қаласында бірнеше шағын аудандар мен жаңа ғимараттар бой көтеріп, экономикалық-әлеуметтік жағынан көш ілгері дамып келе жатқан қалалар қатарына қосылып отыр. Көшті Жетісуға бұрған2001 жылдары Талдықорғандағы тұрғындардың саны 90 мыңның төңірегінде болса, 20 жылдың ішінде қала халқы 200 мыңға жуықтады. Әрине бұл қалаға жағдай жасаудың арқасында қол жеткізген көрсеткіш. Егер қала тұрғындарына жағдай жасалмаса халық қоныс аударуға тырысып, қала халқы азая берер еді. Бүгінде облыс орталығында жыл сайын көпқабатты үйлер бой көтеріп, жүздеген отбасы баспаналы болуда. Биыл қала күніне орай Шаңырақ бағдарламасымен тағы 55 пәтердің кілті табысталған болатын. Бұл қала халқына жасалып жатқан жағдайдың көптен бірі. Тағы бір атап өтер жайт, қала күні қарсаңында биыл қала күніне қарсы Жетісу әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы Талдықорғанға 55 қоғамдық көлік сатып алынды. Яғни қала халқының қозғалысына жағдай жасалды. Ең бастысы қаланың экологиялық жағдайына тиімді көгілдір отынмен жүретін көліктер мүмкіндігі шектеулі жандарға да өте ыңғайлы. Яғни жоғарыда атап өткеніміздей Алматы облысында халыққа жасалған әрбір жағдайдан мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайы ұмыт қалған емес.

Шыны керек, бұрын елімізде мүмкіндігі шектеулі жандар көп көрінбейтін. Тіпті шетелден келген қонақтар елімізге келгенде «сіздерде мүмкіндігі шектеулі жандар жоқ па» деп таң қалып сұрауы да қоғамымызда жиі айтылатын. Шын мәнінде мүмкіндігі шектеулі жандар қоғамдық орындарда, көшелерде халықтың көп жүрмеуінен, көп көрінбеуінен олар мемлекетімізде мүлдем жоқтай әсер қалдыратын. Ал оларға барлық орындарда жүріп тұруына жағдай жасалмағандықтан олар үйлерінен шықпайтын. Ал бүгінде түрлі іс-шаралардан, қоамдық орындардан мүмкіндігі шектеулі жандарды жиі байқаймыз. Бұл еліміздің барлық мекемелерінде, тұрғын үйлерде пандустардың көбеюінің нәтижесі. Елімізде тұрғызылып жатқан барлық нысандарды мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп тұруына ыңғайлы ету талабынан туындап отырған жағдай екенуі даусыз. Аладғы уақытта Жетісудың бас қаласының даму жоспары да ауқымды. Қалада тағы бірнеше ықшам аудан бой көтереді деп жоспарлануда. Түрлі әлеуметтік нысандар салынып, қомақты инвестиция тартылады деп күтілуде. Облыс орталығының туристік әлеуеті де зор болмақ. Күні кеше ғана Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Балқаш көлінде болашақта туристік нысандар салу жоспарымен бөлісті.

Алматы облысының әкімі «Балқаш көлінде туризм дамитын болады. Қазір біз бас жобаны бітірдік. Сарқан ауданында жүзеге асады. Туризм басқармасымен бірігіп, республикалық бюджеттен қаражат сұрадық. Енді жергілікті бюджеттен қаражат бөліп, 140 километр жолды жасаймыз деп шештік. Магистраль Талдықорғаннан Лепсіге дейін, ар жағында 20 километр көлдің жағасына дейін салынады. Жердің бәрін жекеменшікке таратып жіберген. Соның бәрін қалпына келтіріп, кімнің қаражаты бар, қандай жоба жасайды, бәрін ойластырып жатырмыз. Кішкене уақытта Балқашты да дәл Алакөл сияқты ең күшті курорттардан кем емес етіп, жасаймыз. 16 километр болатын жол, электр, су жүйелері, соның бәрін санап қойдық. Жақында бәрін қолға алатын боламыз”, – дейді әкім. Өңірдің туристік әлеуетін пайдалану шешімі қуантпай қоймайды. Сондай-ақ өңір әкімі Алматы облысында «2021-2025 жылдары 115 мектеп салуымыз керек. Биыл жоспарланған 17 мектептің 5400 орынға арналған 12-сі пайдалануға берілді. Оның ішінде алтауы жеке мектеп. Жыл соңына дейін қалған бесеуі тапсырылады. 137 мектепке қатысты жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр, бұл жұмыстарға 11,3 млрд теңге қарастырылған. Жыл басынан бері 9590 орынға арналған 135 балабақша ашылды», –  деп мәлімдеді. Бұл нысандардың барлығының заманауилығымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандардың да қозғалысына ыңғайлы етіп салынарына күмән жоқ.

Атап өтер жайт, бүгінде облыс орталығында 4700 мүмкіндігі шектеулі жан бар болса, оның 805-і балалар екен. Оларға мемлекет тарапынан тиісті әлеуметтік көмектер тұрақты түрде көрсетіліп келеді. Оларды сауықтыру мен емделуіне 2041 орынға арналған 10 стационарлық үлгідегі мекеме жұмыс істейді екен. Ал олардың қызметтерімен 2012 адам қамтылған. Яғни Алматы облысында мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп тұруы, қоғаммен араласуы ғана емес, ем алып, тұрақты түрде сауықтыру жұмыстарына да көңіл бөлінген. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту күндізгі 3 бөлімше базасында жүзеге асырылады екен. Өткен жылы олар 207 мүгедек балаға қызмет көрсетіпті. Уақыт өткен сайын олардың қызметін кеңейту жұмыстары да ескерілген.

Өткен 2020 жылы санаторлық-курорттық емдеумен 5602 соғысқа қатысушылар мен мүгедектер қамтамасыз етіліп, 2121 кресло-арба, протездік-ортопедиялық бұйымдар және басқа да арнайы құралдар сатып алынған. 22 050 мүгедек көмекшілердің қызметімен қамтамасыз етіліпті. Бұл шын мәнінде олар үшін үлкен көмек екені даусыз. Аймақта мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалып жатқан жағдай мұнымен шектеліп қалмайды. Сондай ақ жақында ғана Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Талдықорғандағы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде арнайы спорт нысаны салынып пайдалануға берілді.  Оның басты ерекшелігі — мұнда жүзудің барлық түрімен шұғылдануға болады. Ең бастысы мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін де толық жағдай жасалған. Жабық бассейннің жалпы ауданы 1677,7 шаршы метр. Бассейн тостағанының мөлшері 25 және 11 м. Су жаңа нысан құрылыс талаптары мен санитарлық-эпидемиологиялық стандарттарға сәйкес салынған және жабдықталған. Бассейнге жеке кіреберіс, ерлер мен әйелдерге арналған киім ауыстыру бөлмелері, душ, жұмысшылар мен жаттықтырушыларға, нұсқаушыларға арналған қонақ бөлмелері, спорттық жабдықтарды сақтауға және жууға арналған арнайы бөлме бар. Айта кету керек, бұл — облыс орталығында биыл ашылған екінші бассейн. Елорда күніне орай жетісулықтарға 570 орындық олимпиялық үлгідегі орталық жүзу бассейні пайдалануға берілген еді. Яғни қаладағы әрбір атқарылған жұмыста қоғамымыздың барлық мүшелеріне тең жағдай жасауы Алматы облысының заман талабына сай дамып келе жатқанын аңғартады.

Жақында ғана Талдықорған қаласында «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз» атты арнайы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған шара өтті. Шараның басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылық, спорттық деңгейін дамытуға барынша қолдау көрсету, олардың ерекше қабілеттерін көпшілікке таныстыру, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыру болатын. Осы шарада қалалық мәслихат хатшысы Темірболат Жанболатұлы: «Біз көңілі жарым, денсаулығында кемістігі бар жандарды сыртқа шеттетпей, керісінше оларды қоғамда белсенді болуға шақыруымыз керек. Әрдайым осылай жақсы күндерде жүздесейік. Сіздерге ең басты байлық – денсаулық, үлкен жетістік тілеймін. Жігерлеріңіз мұқалмасын, биік мақсаттар қойып, тек алға ұмтылыңыздар», — деп тілек айтқан болатын. Расында да қоғамымыздағы басқа да мүгедектердің белсенді өмір салтын ұстанып, барынша басқалармен бірдей мүмкіндіктерді пайдаланып, мүмкіндігі шектеулі екенін мойындамауының маңызы зор!

Атап өтер жайт, биыл параолимпиада кезінде елімізден қатысқан спортшылардың ерік жігерін, өмірге деген құлшынысын анық байқадық. Осыған орай «Ерлік» мүгедектер бірлестігінің төрайымы Роза Хаджиахметқызы «Елімізде қазанның екінші жексенбісі — мүгедектер күні. Бірақ, бұл – мереке емес. Атаулы күн – арамызда ерекше қамқорлықты қажет ететін, мемлекет көмегіне мұқтаж адамдардың бар екендігін білдіреді. Бүгінде елімізде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жүріп тұруына, жұмыс жасауына көп мүмкіндік беріліп отыр. Мәселен, біздің арамызда Параолимпиадаға қатысып жүрген спортшылар бар. Сіздер де солай үлкен жеттістіктерді бағындыра аласыздар. Мен, сіздердің жоғары білім алғандарыңызды, жұмыс жасағандарыңызды қалаймын» деген болатын. Расында да олимпиада кезіндегі спортшыларымыздан да жоғары нәтиже көрсеткен параолимпиадашылардың жеңесі көп нәрсені байқатты. Бұл да болса қоғамымызда мүмкіндігі шектеулі жандарға бар жағдай жасалып отырғанының дәлелі болса керек. Жастарға мүмкіндігі шектеулі екенін сездіртпей, мүмкіндігінше түрлі шараларға тарту арқылы қоғамдағы өз орнын табуына көмектесуді көздейтін мұндай шаралардың маңызы өте зор!

Өңірдегі тағы бір игілікті шараны атап өтсек, биылғы жылдың басында Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында алғаш рет инклюзивті сұлулық салоны ашылған болатын. Мүмкіндігі шектеулі екен деп олардың сән әлемінен тысқары болуы үлкен әділетсіздік екені даусыз. Осы орайда көп өңірлерімізде кездесе бермейтін инклюзивті сұлулық салонының маңызы өте зор!  Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қызмет көрсететін жобаны жас кәсіпкер, «Бастау Бизнес» жобасының түлегі Кама Далдабаева мен «Мейірім» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлвира Таубалдинова біріге отырып ашқан. Жоба авторларының айтуынша идея бірнеше жыл бұрын пайда болып, бүгінде мемлекеттік қолдау мен қоғам өкілдерінің жәрдемі арқасында жүзеге асырылған екен. Өткен жылы «Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған білім беру орталығы бар сұлулық салоны» жобасы «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында екі миллион көлеміндегі грантқа ие болыпты. Шын мәнінде бұл кәсіпкерді ғана емес қоғамымыздың инклюзивті мүшелерін де қолдау екені даусыз. Атылмыш қаражатқа кәсіпкер Кама Далдабаева инклюзивті сұлулық салонының ең қажетті жабдықтарын сатып алған көрінеді. Сұлулық орталығының кіре берісіне пандус орнатылған және мүгедек адамдарға қызмет көрсету үшін барлық жағдай жасалған көрінеді. Сондай-ақ кәсіпкердің сөзіне сенсек, салонда 14 жұмыс орны ашылып, оның жартысына мүгедектігі бар азаматтар қамтылған. Яғни инклюзивті сұлулық салоны мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетіп қана қоймай, оларды жұмыспен қамтуды да көздейді.

Атап өтер жайт, көп жағдайда арбаға таңылған мүгедектерге отырып жасайтын жұмыстар ыңғайлы. Осы тұрғыдан келгенде сұлулық салонында қызмет көрсету мүмкіндігі шектеулі жандар үшін аса қолайлы дей аламыз. Осыны ескере келе алдағы уақытта сұлулық индустриясы мамандықтарын оқыту да жоспарланып отыр екен. Өңір мамандарының  айтуынша, мүгедектігі бар адамдар арасында жаңа кәсіпті меңгеріп, еңбек етуге дайын дарынды жастар өте көп. Ендеше олардың сол мүмкіндігін неге пайдаланбасқа?!

Тіпті осы сұлулық салонына келуге мүмкіндігі жоқ азаматтарға көшпелі қызмет көрсету қызметі де қарастырылған. Иә, иә олардың да қоғамның басқа мүшелері секілді боянғысы, тырнақтарын сәндегісі келетінін ескерсек бұл зор мүмкіндік. Осындай керемет іске ұйытқы болған Жетісулық жергілікті басқарушы орындардың әрекетіне қалай риза болмассың!

Мейірім» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлвира Таубалдинова «Біздің ұйым бес жылдан астам уақыт бойы мүгедектігі бар адамдармен жұмыс істеп келеді. Бұл біздің алғашқы жобамыз емес. Біз «Қадам» ЖК-мен бірге инклюзивті салон аштық, мұнда дені сау адамдар да, мүгедек адамдар да жұмыс істей және қызмет көрсете алады. Бұл Қазақстанда ашылған алғашқы инклюзивті салон деуге болады. Жобаның іске асырылу уақыты мерзімсіз болатынына және болашақта нысанның қарқынды дамуына сенімдімін. Алдағы уақытта мұнда тәжірибе мен дағдыларға ие болған ерекше қажеттіліктері бар жас балалар келешекте өз бизнестерін ашуы да мүмкін. Біз оларға осы бағытта барынша қолдау көрсететін боламыз», — дейді. Бүгінгі күні бұл жобаға Алматы облысының Іскер әйелдер кеңесі мен «Nur Otan» партиясының – «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы қолдау білдіріп отыр екен. Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған алғашқы сұлулық салонының Алматы облысынан ашылуы ақ көп нәрседен хабар береді. Осы орайда Алматы облысы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, облыстық мәслихаттың депутаты Римма Салықова «Қаламыздағы көптеген сұлулық салондарында пандустар ескерілмеген соң, олар мүгедек адамдар үшін қолжетімді емес. Сондықтан кедергісіз болашақ сапалы әлеуметтік қызмет көрсетуге байланысты. Бұл бағытта мемлекет пен жұмыс берушілер азаматтарға тең жағдай жасауы керек. Нысан барша азаматтар үшін үлгі болып, әлеуметтік қызметтер алудағы кедергілердің азаюына ықпал етеді деп ойлаймын», — дейді. Әрине бұл үлкен мүмкіндік, зор қуаныш деуге болады. Сондықтан Тәуелсіздіктің отыз жылдығына зор абыроймен, заман талабына сай нысандарымен, қоғамның сұранысына сай қызметімен келген Алматы облысын қалай мақтасақ та жарасатын секілді. 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:19
Шиелі ауданында 3297 жаңа жұмыс орны ашылды
Бифат ЕЛТАЕВА 12:21
Ғибраты мол байқау
Сайт әкімшілігі 08:37
Павлодарда лак-бояу өнімдері қоймасында алапат өрт болды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 13:30
Қарағандыда тағы бір ферроқорытпа зауыты ашылды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 12:16
Жезқазған ақыны Қарағандыда өткен республикалық айтыста Бас жүлде иегері атанды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 26.11.2021, 09:15
Қара алтынның үстінде отырған Қарағандыда көмір қымбат

Аңдатпа


  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30