#Qazaqstan30: Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында 1000-нан астам іс-шара өтті

Сайт әкімшілігі

10.11.2021, 19:09

301

30 жыл ішінде Қазақстан мемлекет ретінде нығайып, аяққа тұрды. Сонымен, Алматы облысында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жоспары жүзеге асырылуда.Облыста мерейтойды атап өту бойынша облыстық комиссия құрылып, іс-шаралар жоспары мен медиа-жоспар бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.Бүгінгі күні 1145 іс-шара өткізілді. Оның ішінде халықаралық деңгейде – 5, республикалық – 11, облыстық және аудандық, қалалық деңгейде – 169. Әр айдың тақырыптық бағыттарына сәйкес, мерейтойлық жылдың алты айында жалпы республикалық «Игі істер марафоны» жобасы, «30 игі іс» қайырымдылық акциясы, «Таза Қазақстан үшін бірге» сенбіліктері, «Тәуелсіздік – ең асыл» ғылыми конференциясы, Алматы облысының халық театрларының фестивалі, «Мен Қазақстанның патриотымын!» акциясы, «Ел астанасы» фотокөрмесі, т.б.Жыл басынан бері облыста 100-ден астам нысан ашылды. Оның ішінде 76 тұрғын үй, 6 мектеп, 135 балабақша, 3 спорт алаңы, 3 спорт кешені, 3 дәрігерлік амбулатория, 2 мәдениет үйі бар. Түрлі өндірістік және әлеуметтік-мәдени нысандар да ашылды.Әсіресе, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздіктің мен үшін маңызы» атты челленджі өткізіліп, баспа БАҚ сайттары мен «Instagram», «Facebook», «VKontakte» әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында 246 облыста өткізілген іс-шаралар туралы #Qazaqstan30 хэштегімен жарияланымдар жарияланған.Облыста Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Еріктілер жылы» аясында «Игі істер марафоны» жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылып жатқанын айта кеткен жөн.Мемлекет басшысы айқындаған волонтерлік қызметтің 7 бағыты мен «Игі істер марафоны» аясында облыста 13 мыңнан астам адам қамтылған 1051 акция өткізілді.Сондай-ақ облыс аясында азық-түлік жәрмеңкелері, ашық сабақтар, фотокөрмелер, ғылыми конференциялар мен акциялар өткізіледі.Айта кетейік, 16 қараша мен 16 желтоқсан аралығында 30 жұлдызды күн аясында Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар жоспары бекітілген болатын.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:19
Шиелі ауданында 3297 жаңа жұмыс орны ашылды
Бифат ЕЛТАЕВА 12:21
Ғибраты мол байқау
Сайт әкімшілігі 08:37
Павлодарда лак-бояу өнімдері қоймасында алапат өрт болды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 13:30
Қарағандыда тағы бір ферроқорытпа зауыты ашылды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 12:16
Жезқазған ақыны Қарағандыда өткен республикалық айтыста Бас жүлде иегері атанды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 26.11.2021, 09:15
Қара алтынның үстінде отырған Қарағандыда көмір қымбат

Аңдатпа


  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30