Қазақстандықтар министрліктердің нормативтік-құқықтық актілерін белсенді талқылауда

Еркежан АРЫН

16.09.2021, 16:30

649

Жауапты орган желі пайдаланушыларына жауап беруде.

2021 жылдың 4 маусымына дейін Open NLA порталында Қазақстан министрліктерінің 18,7 мың нормативтік-құқықтық актілері жарияланды. Портал қолданушылары оларға 50,8 мың пікір қалдырыпты, оның 44,9 мыңы, яғни 88,5 пайызына жауап берілген. Бұл деректерді ranking.kz ұсынды.

Open NLA порталы – нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мақұлдағанға дейін талқылау алаңы ретінде құрылған «Ашық үкімет» жобасы компоненттерінің бірі.

        18,7 мың құқықтық актілердің 17,8 мыңы қазірдің өзінде мұрағатта, 703-і қаралуда, 157-сі қоғамдық талқылауда, 4-уі онлайн талқылауда, тағы 34-і реттеуші әсерді талдау бойынша қорытынды сатысында.

        НҚА-ның ең көп санын Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі шығарды: 2950. Одан кейін қаржы министрлігі (2235) және ұлттық экономика министрлігі (1739) орналасқан. Ал ең азы – төтенше жағдайлар министрлігі (161), сыртқы істер министрлігі (254) мен ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі (268).

        Бұл ретте қолданушылардың пікірлерінің көп бөлігін денсаулық сақтау министрлігінің НҚА жинады: 30 819. Оның ішінде 26 053 пікірге жауап алынған. Ал ішкі істер министрлігінде нормативтік-құқықтық актілерге 2908 пікір бар, оның ішінде 2893-іне түсініктеме алынды. Үшінші орын индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне тиесілі: нормативтік-құқықтық актілерге 2491 пікір қалдырылыпты, оның ішінде 2470 түсініктеме алынды. Қолданушылардың пікірлеріне ең аз жауапты экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі береді: жауап алған пікірлер үлесі пайдаланушылардың пікірлерінің жалпы санының 71,3 пайызын ғана құрады. Төмен көрсеткіштер білім және ғылым министрлігі (жауаптары бар пікірлер – 80,3 пайыз) мен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде (80,8 пайыз) екен.

       2021 жылдың 4 маусымындағы жағдай бойынша «Ашық НҚА» порталында нормативтік-құқықтық актілерді қарау саны 4,4 миллионды құрады. Көбінесе қазақстандықтар денсаулық сақтау министрлігінің актілеріне қызығушылық танытатын көрінеді: 1 млн қаралым көрсеткіші бар. Олардан кейін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (570,6 мың қаралым), сондай-ақ қаржы министрлігі (410,1 мың рет қаралды).

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 27.05.2023, 19:33
Алматыда ішімдікке тәуелділердің саны 7,5%-ға азайған
Сайт әкімшілігі 27.05.2023, 10:45
Алматыда "Халық заңгері" кең ауқымды акциясы өтті
Сайт әкімшілігі 26.05.2023, 17:00
Оңтүстіктегі диқандар су тапшылығын тартып отыр
Сайт әкімшілігі 26.05.2023, 16:00
Оралдағы тергеу изоляторы құрылысын аяқтауға тағы 6 миллиард теңге қажет
Б.СӘРСЕНБІ 25.05.2023, 16:30
Шіркеймен күрес тамызға дейін жалғасады
Еркежан АРЫН 25.05.2023, 09:00
Алматы жастары арасында суицидтің алдын алу жұмыстарының маңызы

Аңдатпа


  • Келген қазақ құжатсыз, туған бала тұрақсыз
    26.05.2023, 10:25
  • Қазақтың жерін саудалап жүрген кім?
    26.05.2023, 09:51
  • Құқығың бұзылса, депутатқа айтасың, депутат бұзылса, кімге айтасың?
    26.05.2023, 09:13
  • Ғинияттың 207 мың кемшілігі
    25.05.2023, 10:00
  • Орталық Азияның «отағасы» кім?
    25.05.2023, 09:31