Қазақстанның жаһандық бастамаларына оң баға берілуде

Нұр САЙЛАУОВА

30.07.2021, 17:42

836

Қазақстан – бейбітшілік пен келісім, тұрақтылық пен қауіпсіздік идеяларын белсенді түрде жүзеге асыруды мақсат тұтқан ел.  Қазірде Қазақстанның қолдап отырған бітімгершілік, жаһандық бастамалары туралы айтсақ, ең бірінші Семей ядролық полигонының жабылуын сөз етуге болады. Қазақстанның қарусыздандыру процесіне қосқан зор үлесі – 1991 жылы 29 тамызда Семей ядролық полигонының жабылуы болды. Кейіннен Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі қуаты жағынан төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тарту туралы шешім қабылдады. Бұдан бөлек, Қазақстанның атом жобасын құру бастамасы да  халықаралық сарапшылар тарапынан қызу қолдау тапты.

Н.Назарбаевтың «Ядролық сынақтарға тыйым салудан – ядролық қарудан азат әлемге» халықаралық парламенттік конференциясында АТОМ жобасын іске қосты. Жоба аясында жер бетіндегі ядролық қаруға қарсы кез келген адам ядролық сынақтардан біржолата бас тартуға және ЯСЖТШ мерзімінен бұрын күшіне енуге шақыратын әлемнің үкіметтеріне онлайн-петицияға қол қоя алады. Қазақстан мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) арасындағы келісім. Атомды қауіпсіз және бейбіт мақсатта пайдалану процесіне Қазақстанның қосқан үлесін көрсететін тағы бір маңызды бастама – Нұр-Сұлтан мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) арасында 2015 жылы 27 тамызда астанада қол қойылған Өскемен қаласындағы Үлбі металлургиялық зауытына төмен байытылған уран банкін орналастыру туралы келісім болып табылады. БҰҰ-ның ядролық қарусыз әлем туралы жалпы декларациясын қабылдау.

        Халықаралық сарапшылардың пікірінше, көптеген елдер Қазақстанның ядролық қарудан бас тарту тәжірибесін зерделеуге ниет білдіруде. Мысалы, саясаттанушы Ермек Жұмажанның пікірінше, «Егер біз Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде жақында атқарған рөлі туралы, ДСҰ-ға кіру және басқа да маңызды мәселелер туралы айтар болсақ, Қазақстанның осы аймақтағы Еуразия үшін де, Еуропа үшін де болашаққа апаратын шешуші ойыншы екенін түсіну керек. Осылайша Қазақстанның Еуропа мен Азия арасында қажетті көпір салуға көмектесетін серіктесі бар болғанына біз өте қуаныштымыз». Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанның БҰҰ жүйесіне кіруі сыртқы саяси мақсаттарға қол жеткізудегі маңызды қадам болып табылады. Атап айтқанда, Қазақстанның БҰҰ-ға мүшелігі әлеуметтік-саяси, экономикалық, гуманитарлық және басқа бағыттардағы көптеген салаларды одан әрі жетілдіруге және модернизациялауға қолайлы жағдай жасады.

         Канадалық медиаагенттік директоры Гарри Нанданың айтуынша, Қазақстан елі жас та болса БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып, әрі оған төрағалық етіп те үлгерді. Қазақстанды әлемдегі жаһандық ойыншылардың біріне айналдырды. Қазақстанның G-Global идеясы – бұл қазіргі уақытта 26 қатысушысы бар АӨСШК құруға бағытталған жас бастама. G-Global таяудағы жылдары, соның ішінде жаһандық қауіпсіздік мәселелерін талқылауға арналған үлкен алаңға айналуы мүмкін. Өйткені Қазақстан – ядролық қарудан өз еркімен бас тартушы, бітімгершіліктің хабаршысы атанған мемлекет. Қазақстан Республикасының бітімгершілік аясындағы жаһандық бастамалары әлем назарын аударып отыр, ал даму жолындағы елімізге халықаралық сарапшылар оң бағасын беруде.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.01.2022, 12:00
Жәйремдіктердің жанайқайы:«Мемлекеттік бағдарламамен берілген үйдің сиқы осы»
Мариям МАҚСАТ 20.01.2022, 08:53
Кім кімді алдады?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.01.2022, 17:45
Қарағанды өңіріндегі дүрбелең қалай өрбіді?
Қайрат Балабиев 19.01.2022, 16:57
Атамекенді аялау – азаматтық парызымыз
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 19.01.2022, 15:33
Шымкент: шығын әлі есептеліп жатыр
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 18.01.2022, 15:30
БҚО-да бір полицейдің мұрны қанамады

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48