Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті

Сайт әкімшілігі

05.11.2020, 03:44

141

Шымкентте қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары, қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Шыңғыс Мұқан, кеңес мүшелері және салық, полиция, транспорт салаларының өкілдері қатысты.

Қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңыс Мұқан этномәдени бірлестіктермен алғашқы кездесуде айтылған жайттар бойынша жауапты тұлғалардың бүгінгі жиынға арнайы шақырылғанын айтып, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруда ассамблеяның маңызды құрылым екендігіне тоқталды.

– Ассамблея елді бірлікке, ынтымаққа шақыратын еліміздегі барлық этностарды қазақ халқының маңына топтастыратын бірегей институт. Ассамблея, сондай-ақ, мемлекетіміздегі ішкі саяси тұрақтылықтың берік сақталуына, этносаралық татулықты, елдікті, бірлікті бекемдеуге бағытталған жұмыстарды жүзеге асыратын ұйым. Сондықтан Ассамблея туралы кейбіреулер айтып жүргендей сыңаржақ пікірлерге, ұшқары ойларға жол бермей, бұл құрылымның байыпты бастамаларға бастайтын, еліміздің басқару жүйесіндегі өзіндік орны бар ұйым екендігін жұртшылыққа, жастарға кеңінен ұғындыруымыз қажет. Ассамблеяның құрылымдық бөлімшесі ретіндегі Қоғамдық келісім кеңесінің де негізгі бағыты осы, — деді Ш.Мұқан.

Кеңесте «Үшінші мегаполистегі миграциялық үдеріс және мигранттарды тіркеу», «Қала аумағындағы жер телімдерін мемлекет мұқтаждығына алу: негізгі проблемалар және шешу жолдары», «Қоғамдық көліктерге электронды төлем жүйесін ендіру», «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында атқарылған жұмыстар», «Бюджетке төленетін салық төлемдері» сынды мәселелер қаралды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 27.02.2021, 22:00
Судьяның тәртібін комиссия қарады
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 14:02
БҚО-да жол апатынан 4 адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 12:36
Түркістанға «Гам-КОВИД Вак» вакцинасы жеткізілді
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 11:21
Бірқатар өңірлерде жолдар жабылды
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 26.02.2021, 09:18
Қос азаматтығы бар шенеунік басшылық қызметте қалай жұмыс істеген?
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 26.02.2021, 09:15
Ардагерлер кеңесіне ұстанымы биік тұлға қажет

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51