28.09.2020, 08:37
453
Бүгінде Шымкентте қоқыс тастайтын 490 қоқыс алаңшасы, 2039 қоқыс контейнері бар. Алайда олардың көбінің тозығы жеткен. Осы мақсатта қала әкімі Мұрат Әйтенов қоқыс салатын контейнерлерді мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жаңарту қажеттігі жөнінде тапсырма берген болатын. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Осыған орай Шымкентте көпқабатты тұрғын үй аумағына қоқыс тастайтын жаңа металл жәшіктер орнатылуда. Жалпы биыл 1376 контейнер сатып алынбақ. Қазір олардың 376-сы жеткізіліп, 240-ы орнатылды. Бұл жұмыстар қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратуға және қоршаған ортаның экологиялық тазалығын арттыруда маңызды рөлге ие.
Жаңа қоқыс контейнерлерінің арнайы қақпақтары жеңіл қалдықтардың ұшып кетуінен, шашылуынан қорғайтынымен ыңғайлы.
Осы орайда, қала тұрғындарына көмек көрсететін «iKomek» жедел қызмет ету орталығы ашылған. Орталық мамандары тәулік бойы тұрғындардың қоңырауларына жауап береді. «109» бірыңғай телефон нөміріне бір ай көлемінде 14 000-ға жуық қоңырау келіп түсіп, олардың 96 пайызы қанағаттандырылған.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР