Қордайдың он ауылы «көгілдір» отынға қол жеткізді.

Сайт әкімшілігі

14.12.2020, 18:27

283

Мемлекет басшысының тапсырмасымен "ҚазТрансГаз" АҚ Ұлттық операторы Жамбыл облысының әкімдігімен бірлесіп Қордай ауданындағы 10 ауыл – Ауқатты, Бұлар батыр, Сортөбе, Масанчи, Қаракемер, Қарасу, Өтеген,  Қызылсай, Күнбатыс-1 және Күнбатыс-2 ауылдарына газ құбырларын тарту жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде Қордайда барлығы 392 шақырым газ құбыры тартылған. Бұл 62 мыңнан астам тұрғын мен 274 әлеуметтік және кәсіпкерлік нысанының табиғи газбен қамтылуына мүмкіндік беріп отыр. Ол бойынша тиісті жұмыстар қысқа мерзімде – ағымдағы жылдың маусымында басталып қазан айында аяқталып үлгерген.

— 70 жылдан астам уақыттан бері Қордайға газ тарту мәселесі шешілмей келген еді. Осы тұрғыдан алғанда биылғы жылды – тарихи жыл деп атауға болады. Ел Президентінің қолдауының арқасында ауданның 100 мыңға жуық тұрғыны тұратын 22 ауылды газдандыруға 10 миллиардтан астам теңге бағытталды. Нәтижесінде, қордайлықтардың «көгілдір» отынмен қамтылу көрсеткіші 47-ден 95 пайызға дейін артпақ. Мұндай ауқымды жұмыс бұрын-соңды мұнда болмаған, — деп атап өтті аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев.

Аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Әбдібек Сейілханов та жерлестерін қуанышты оқиғамен құттықтады.

— Өздеріңіз білетіндей, осы жылдың басында Мемлекет басшысы ауданымызға арнайы келген болатын. Сол кезде біз, Қордай ауданың тұрғындары, Президенттен бірқатар мәселелерді шешуге, оның ішінде газдандыруға қатысты көмектесуін сұрадық. Міне, біздің өтініштеріміз назардан тыс қалмады. Біз осы шараға атсалысқандардың барлығына ризашылығымызды білдіреміз. Біз үшін бұл нағыз мерекеге айналып отыр. Осыны себеп етіп дүнген бауырларымызбен тағы да жүздесіп, ортақ маңызды нәрселерді саралап, бір-бірімізді құттықтап жатырмыз. Біз үшін ең бастысы – бірлік! — деп атап өтті Ә.Сейілханов.

Ауылдықтарды қуанышты сәтімен құттықтай отырып, газ мамандары тұрғындарға қауіпсіздік ережелері жазылған жадынамалар таратты. «Газ – бұл игілік, дегенмен оны пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауды бірінші назарда ұстау керек»,- дейді газ қызметкерлері.

Ал Сортөбе ауылының тұрғыны Мәдина Молдажанова:

— Бүгінде газ келіп, тіршілігіміз айтарлықтай жеңілдей түсуде. Үйімізде жайлылық және жылулық орнады.  Баспанамыздағы осынау игілік үшін ел басшылығына және газшыларға үлкен алғысымызды айтамыз, — деді

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 22.10.2021, 19:13
Ы.Жақаевтың 130 жылдық мерейтойына орай ауыр атлетикадан жасөспірімдер турнирі өтті
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.10.2021, 14:40
Тас жолдарды тоздырған жүк көліктері жүгенсіз кетті
Еркежан АРЫН 22.10.2021, 11:37
Алматыда ұжымдық иммунитет қалыптастыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Расул ЖҰМАЛЫ 21.10.2021, 16:47
Азамат!
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 12:01
Арықта ұйықтап қалған бала отбасына оралды
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 11:58
Алты адам қаза тапқан жол апатының себептері анықталып жатыр

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31