Қостанай облысында өрттен екі бала көз жұмды

Сайт әкімшілігі

04.12.2020, 17:22

1153

Қостанай облысында өрттен 2 бала қаза тапты «Жас Алаш»  alau.kz — ке сілтеме жасап. 

Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сағат 14.00-де балалардың ата-анасы көршілес Аят ауылына азық-түлік алуға кеткен. Олар үйде шамамен 2 сағат болмаған. Үйге тек 16.00-де келген. Ата-ана есікті ашған кезде түтіннің иісін сезген.

«Олар балалар жатқан бөлмеге жүгіріп барып, алдымен ұлын, кейін қызын шығарды. Оқиға орнына бірден медицина қызметкерлері мен „Фрунзенское“ ЖШС-ның ерікті өрт сөндіру бөлімі шақырылды. Алайда балалар 17.15-те көз жұмды», — дейді Қостанай облысы ТЖД басшысының орынбасары Азамат Өрімбаев.

Мамандардың болжамынша, балалар үйдің жатын бөлмесінде сіріңкемен ойнаған. Салдарынан өрт шыққан. Осы сәтте олар басқа бөлмеге қашқан. Алайда олар түтіннен уланып қаза тапқан.

Айта кетейік, жыл басынан бері Қостанай облысында өрттен 4 бала көз жұмған. Құтқарушылар қостанайлықтарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға және балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Тегтер: өрт қауіпсіздік бала ата-ана

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 27.05.2022, 17:30
Жазғы лагерьлерге баратын балалардың саны артты
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 27.05.2022, 10:00
Жастар қолдауды күтеді...
Сайт әкімшілігі 26.05.2022, 16:15
Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына 30 жыл
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 26.05.2022, 12:00
Шымкентте «Alan» халықаралық мектебі пайдалануға беріледі
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 10:30
Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 09:43
Коронавирус жұқтырған жеті қазақстандық ауыр жағдайда жатыр

Аңдатпа


  • Анамның тілі алаңдатады...
    26.05.2022, 08:40
  • «Дауылпаз ақынның» даңқы мен дақпырты
    26.05.2022, 08:38
  • Газеттер дар алдында тұр!
    26.05.2022, 08:35
  • Қазақ кредитке кіріп тұрып қуанады
    25.05.2022, 07:48
  • Қарашөкеевтің қиялы шаруалардың шамына тиіп жүр
    25.05.2022, 07:47