Қуаңшылық мал азығын қымбаттатты

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

22.07.2021, 09:19

1286

Қысы-жазы еңбектен бел жазбайтын аймақ шаруалары жаппай мал азығының қамын күйттеп жатыр.  Бірен-саран қауқарлы қожалықтар жемшөп қорын жинап алған. Бірақ  биылғы  шөп түсімі былтырғыдан екі есе кем болды.  Өңірде  ұзақ уақыт жаңбыр болмай,  аптап ыстық апталап, тұрып алды. Осы жаз, әсіресе, ұлытаулық шаруаларға оңайға соқпай тұр. Шілде туғаны сол еді, онсыз да тамыры сусап тұрған дала шөбі шіліңгір ыстықты көтере алмай, жанып кетті. Мұндағы шаруалар бұл жолы  екі есе зардап шегіп отыр.

— Сай-сайды қуалап жүріп, көзге түскен шөптің барлығын орып алдық. Иелігімде 5,5 гектар шабындық алқабым бар. Түсім былтырғыдан әлдеқайда кем. Меже бойынша жылда қолдағы малға  2000 тонна шөп шабатын едік. Енді қосымша бидайдың сабанын көптеп жинауға мәжбүрмін. Бұл  тек менің басымдағы жағдай. Кейбір қожалықтардың шабындықтары  бүтіндей күйіп кетті. Мәселен, сегіз күнге ұласқан  тілсіз жаудың салдарынан бұрынғы «Аманкелді» кеңшарының жайылымдық жерлері қара күйеге айналды, – дейді Бозтұмсық ауылындағы «Бекетай баба» шаруа қожалығының жетекшісі Бағдат Бекетаев.

        Бұл өңірде мал азығына тиісті жер көлемі 5 млн гектар аумаққа созылған. Биылғы өрттің салдарынан Ұлытау ауданының 39 мың гектар шабындық және жайылымдық жері отқа оранды. Әйткенмен жергілікті ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары қуаншылық пен өрттен жапа шеккен шаруа қожалықтары жоқшылыққа ұрынбайды, – деп сендіреді.

     – Аудандағы төрт шаруа қожалығы мал азығынан көмек беруімізді сұрап, өтініш жолдады. Шаруагер қауымның тілегін  ескере отырып, барлық селолық округ әкімдіктері, шаруа қожалықтары және мердігерлердің басын қосып, үш жақты меморандумға отыру ісін бастадық. Осы келісім аясында, аудандағы жерге бай  «Бекетай баба» шаруа қожалығы өзге шаруаларды жемшөппен қамтамасыз ететін болды. Ол аз десе, ауданның жер қорындағы шөпті орып алуға мұрсат береміз. Бізге тиесілі мұндай жер көлемі 5 млн гектардан асады, – деді Ұлытау аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сағади Обайдуллин.

  Әйткенмен, шенеуніктер шөп бағасын ырықтандыруға қауқарсыз. Оған нарықтың заңдылығы мен сатушының әмірі ғана жүреді. Солай бола тұра, әкімдік тауар иелеріне жемшөп құнын шектеулі бағадан асырмау жөнінде ұсыныс білдірген. Жергілікті сала басшылары  престелген бір бума /20-25 келі/ шөптің әр келісі  500-600 теңгеден сатылып жатыр десе, шаруалар шөптің құны 700-800,  тіпті 1000 теңгеге шарықтап кетті деп шағымданды. Ал Ұлытау өңірінде 1200 шаруа қожалығы бар десек, әр жекеменшіктің иелігінде, кем дегенде, 1000 бас мал бар. Бір қысқа бір  қожалық үнемдегеннің өзінде,  1 тонна шөп жұмсайды.  Нәпақасын төрт түліктен айырып отырған шаруагер қауым «жемге қажетті қаржыны қайдан табамыз?» деп уайым кешуде.

Қуаңшылыққа ұрынған облыстың өзге өңірлеріндегі шаруашылықтарды  шөппен желкілікті мөлшерде қамту үшін  қандай қадам  жасалуда деген сауалымызға облыстық ауыл шаруашылық басқарамасы басшысының орынбасары Сырым Бошпанов аймақтағы жайылымдық қор жерлерден  және орман шаруашылығына тесілі  алқаптардың шөбін оруға рұқсат берілгенін жеткізді. Кімге қанша нәпақа бұйыратынын ешкім дөп басып айта алмайды. Оның нәтижесін күзгі жиын аяқталғанда білеміз. 

Тегтер: мал шаруашылығы мәселе әкімдік жергілікті әкімшілік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

М.СӘУЛЕБЕК 24.09.2021, 15:04
Инвесторлар үшін тартымды өңір
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 24.09.2021, 11:13
Жезқазғанда экспедиция қатысушылары бұрын зерттелмеген петроглифтерді анықтады
Сайт әкімшілігі 24.09.2021, 09:25
Нұр-Сұлтаннан Ыстамбұлға шыққан ұшақ шұғыл қонды
Еркежан АРЫН 23.09.2021, 15:30
Жастардың мемлекеттік саясаты өзгеруі мүмкін
Еркежан АРЫН 23.09.2021, 13:00
Еріктілер вакцинаның маңыздылығын насихаттауда
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 23.09.2021, 08:30
Сарандағы РТБ зауыты ауданында тіршілік жаңарды

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39