Құрсайдағы мектепке Әл-Фарабидің есімі беріледі

Сайт әкімшілігі

22.10.2020, 07:58

281

Шымкент қаласындағы Құрсай шағынауданында жаңа білім ошағының құрылысы жүруде. Мектеп 0,60 гектар аумақты алып жатыр. 600 орынға лайықталған білім ордасын жеке кәсіпкер өз есебінен жүргізуде. Ұлы ойшыл Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай мектепке ғұламаның есімі берілмек. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шымкент қаласының әкімі аталған жаңа мектептің құрылыс барысымен танысты. «Балалардың қауіпсіз ортада білім алуы – басты міндетіміз. Бәсекелестікке төтеп берер ұрпақты өсіргіміз келсе олардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасалу керек»- деді Мұрат Әйтенов.

Мектеп келесі жылы пайдалануға беріледі. Қала әкімі сыныптарды аралап, құрылыстың әрбір бөлігіне жіті мән берді. Сонымен қатар, оқу бөлмелерінің заманауи техникалармен қамтылуына да баса назар аудару керектігін айтты.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.01.2022, 12:00
Жәйремдіктердің жанайқайы:«Мемлекеттік бағдарламамен берілген үйдің сиқы осы»
Мариям МАҚСАТ 20.01.2022, 08:53
Кім кімді алдады?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.01.2022, 17:45
Қарағанды өңіріндегі дүрбелең қалай өрбіді?
Қайрат Балабиев 19.01.2022, 16:57
Атамекенді аялау – азаматтық парызымыз
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 19.01.2022, 15:33
Шымкент: шығын әлі есептеліп жатыр
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 18.01.2022, 15:30
БҚО-да бір полицейдің мұрны қанамады

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48