Құс тұмауы тіркелген жоқ

Сайт әкімшілігі

11.11.2020, 11:56

208

Cтатистикалық мәліметке сәйкес Шымкент қаласында 1 миллионнан аса үй құсы тіркелген, оның ішінде құс фабрикаларында 606 мың бас және 394 мың бастан аса құс жеке тұрғындардың аулаларында күтіп ұсталуда.

Құс тұмауы аруының алдын алу мақсатында жүргізілетін екпе жұмыстарына Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан Шымкент қаласына 201 903 доза екпе бөлінді. Аталған екпелер бірінші кезекте су қоймаларға жақын орналасқан тұрғындардың үй құстарына егілді. Себебі, су қоймаларына ұшып келетін жабайы құстар құс тұмауы ауруының таралу қаупіне себепші болуы мүмкін.

Бүгінгі күнге дейін қала тұрғындары тарапынан Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының және «Ветеринариялық қызмет» МКК-ның жедел байланыс нөмірлеріне келіп түскен хабарламаларға сәйкес, 10 орыннан 342 бас үй құсының өлген жағдайы тіркелген. Олар бойынша ветеринария саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп, 20 сынама алынып, ветеринариялық зертханаға жеткізілді. Барлық сынама «теріс» нәтиже көрсетті.

Сонымен қатар, «Еуразия» бірінші телеарнасында көрсетілген Еңбекші ауданы Откорм совхоз бөлімшесі (Забадам) тұрғын алабы аумағында үй иелерінің айтуымен 100 шақты үй құсының өлуі бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде ветеринария саласындағы мамандар заң талаптарына сай жұмыстар атқарып, өлген үй құстарының құс тұмауы ауруына тән емес клиникалық белгілерін растады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 27.02.2021, 22:00
Судьяның тәртібін комиссия қарады
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 14:02
БҚО-да жол апатынан 4 адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 12:36
Түркістанға «Гам-КОВИД Вак» вакцинасы жеткізілді
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 11:21
Бірқатар өңірлерде жолдар жабылды
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 26.02.2021, 09:18
Қос азаматтығы бар шенеунік басшылық қызметте қалай жұмыс істеген?
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 26.02.2021, 09:15
Ардагерлер кеңесіне ұстанымы биік тұлға қажет

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51