Қысқы спорт мектебі жұмысын бастады

Сайт әкімшілігі

18.10.2020, 10:35

77

Шымкент қаласындағы №8 қысқы спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі құрама командалары жаттығу процесіне қайта оралып, өз шеберліктерін шыңдауда. Бүгінде Мұз сарайында спортшыларға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында мұз айдынын құю жұмыстары жүргізілді.  Бұл жұмыстар Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №39 қаулысында 30 адамнан аспайтын ұлттық құрамалар үшін жаттығу процесіне рұқсат бергеннен кейін басталды.

Әлемдік деңгейдегі жарыстарда  жақсы нәтиже көрсетіп жүрген мектепте 400-ден астам шәкірт спорттың 5 түрімен шұғылданады. Олар — әмбебап жекпе-жек, фристайл, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау және шайбалы хоккей. Спорт мектебінің болашаққа жоспары көп. Олар алдағы уақытта өтетін Қазақстан чемпионаты мен қысқы Азия ойындарына шорт-трек пен мәнерлеп сырғанау спорт түрі бойынша қатысуға үміткер.

Айта кетейік, Шымкентте Бас санитарлық дәрігерінің талаптары сақтала отырып 29 спорт мекемелерінде спортшылар жаттығуларын бастады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мариям МАҚСАТ 24.11.2020, 17:49
Ұлттық Ұлан сарбаздары Павлодарға жете алмай әлек болды
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 24.11.2020, 16:57
Қар жауғанда тал егу қаржы жымқырудың тәсілі емес пе?
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 24.11.2020, 10:30
Орман оталса, Орал «өкпесінен» айырылады
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 23.11.2020, 18:46
Қызылордада жаңа әуежай салынбайды
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 16:59
"Ешбір тыйым болмай тұрған тойларды тоқтату керек" - Шөкеев
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 23.11.2020, 12:59
13 жастағы жасөспірім жоғарғы қабаттан құлады

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    23.11.2020, 10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    23.11.2020, 09:56