Ресейлік компания инвестициялық жоба ұсынды

Сайт әкімшілігі

20.11.2020, 16:17

480

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ресейлік «Технониколь» компаниясының өкілдерімен кездесті. Мұрат Дүйсенбекұлы кездесуде трансұлттық компанияның «Энергия үнемдейтін жылу оқшаулағыш материалдар шығаратын заманауи зауыт құрылысы» инвестициялық жобасымен танысты. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған инвестициялық жобаның сомасы – 22,5 миллиард теңге. Компания өнімнің 20  пайызын Орта Азия, Қытай және Иран елдеріне экспорттауды жоспарлап отыр.

Technonikol – бұл құрылыс материалдарын өндірумен айналысатын ресейлік трансұлттық компания. Компания нарыққа алдыңғы қатарлы ең жаңа технологиялар бойынша дайындалған өнімдерін ұсынады. Бүгінде кәсіпорынның әлемнің 6 елінде (Ресей, Беларуссия, Литва, Италия, Ұлыбритания, Германия) 53 өндіріс орны бар. Компания өнімдері 95 елге жеткізіледі.

Атап айтқанда, ресейлік кәсіпкерлер битум-полимер материалдары, минералды мақта, композиттік плиткалар және т.б., материалдар өндірісімен айналысады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:30
Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
Сайт әкімшілігі 09:43
Коронавирус жұқтырған жеті қазақстандық ауыр жағдайда жатыр
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 19:13
Шымкенттегі жарылыс: Оқиға салдарынан бір нәресте шетінеді
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 18:29
Шымкент:Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг берді
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 20.05.2022, 11:50
Кәсіпкерлік ортаның бәсекесі қыза бастады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 11:25
Қарағанөзектік балалар өлімге бас тігіп жүріп білім алуда

Аңдатпа


  • Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
    10:30
  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56
  • Балалар жылында балалар неге шеттетіледі?
    19.05.2022, 08:40
  • Қалтырауық үкімет
    18.05.2022, 06:20