Республикалық маңызы бар бірнеше жолда көлік қозғалысы шектелді

Сайт әкімшілігі

23.01.2023, 17:33

1384

Қолайсыз ауа райына байланысты жолдың көріну деңгейі нашарлағандықтан, республикалық трассалардың 6 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. 

QazAvtoJol республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторының мәлңметінше, Абай, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарындағы өңірлік филиалдары күшейтілген жұмыс режимге ауыстырылды.

«Жоғарыда аталған өңір тұрғындарын алыс сапарға шықпауға шақырамыз. Ауа райы болжамы мен тасжолдардағы ахуал туралы хабарламаларды ескеру қажет. Штаттан тыс жағдай туындаса 1403 қысқа нөміріне қоңырау шалуға болады. Абай облысында тіркемелі мен жартылай тіркемесі бар жүк көліктері үшін «Омбы-Майқапшағай» (Қалбатау ауылынан Көкпекті ауылына дейін) және «Алматы-Өскемен» автожолдарында (Аягөз қаласынан Қалбатау ауылына дейін) қозғалыс шектелді», — делінген «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ хабарламасында.

Автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс төмендегі жол учаскелерінде шектелді:

  • 1. «Өскемен-Семей» тасжолының Герасимовка ауылынан Семей қаласына дейінгі аралығы;
  • 2. «Омбы-Майқапшағай» тасжолының Семей қаласынан Қалбатау ауылына дейінгі аралығы;

ШҚО-да тіркемелі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктері үшін республикалық маңызы бар» Алматы-Өскемен«автожолының Қалбатау ауылынан Қасым-Қайсенов ауылына дейінгі аралығында қозғалысқа шектеу енгізілді.

Жетісу облысында «Үшарал-Достық» күре жолының Көктұма бекетінен Достық бекетіне дейінгі аралығында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілд

Тегтер: жол шектеу қауіпсізідк

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бекен ЕЛУБАЙҰЛЫ 07:32
Жемқорлықтың «сорпасын» қайнатып жүргендер көп
Нұрболат ӘЛДИБЕК 02.02.2023, 11:26
Жамбылда университет жұмысшылары бас көтерді
Бектұрған ЛАҚАДЫЛ 31.01.2023, 13:46
Шағын ауданның аты затына сай емес
Сайт әкімшілігі 31.01.2023, 09:46
Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болып, екі адам көлікте жанып кетті
Сайт әкімшілігі 30.01.2023, 08:24
ШҚО-да биылғы жылыту маусымында өрттен көз жұмғандар 16% артты
Сайт әкімшілігі 30.01.2023, 08:20
Төрт өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Аңдатпа


  • Жемқорлықтың «сорпасын» қайнатып жүргендер көп
    07:32
  • Ресей Путиннен қашан құтылады?
    07:17
  • Қайдасың, инвестор?
    07:23
  • Зүлфия-ау, ит құрлы құнымыз болмады ма?!.
    02.02.2023, 07:20
  • Әкімдер ай қарап жүр ме?
    02.02.2023, 07:16