Сайлау 2021: Жамбылда да заңсыз әрекеттер орын алды

Нұрболат ӘЛДИБЕК

13.01.2021, 07:14

1363

      Өтірікті өлтіріп, шырайын келтіріп тұрып айтатын бір танысым бірде аңғал, аңқау інішектің «құлағына гүл өсіріп» тұр екен. Мені көріп қуыстанған ол «Жанымда жүргеніне 10 жыл болды. Бірақ әлі сеніп қала береді» деп, өз-өзіне риза болып күліп еді. Кешегі өткен мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауынан соң, осы оқиға есіме түсіп, еріксіз күлкі қысты. Енді ше, халық сол аңқау бала сияқты, «30 жылдан бері алдап келеді» деп алады да, бірдеңеден үміт күтіп, сосын, тағы да алданып, санын бір соғып, жоғарыдағыларды сырттарынан бір сыбап алып, зарығып, тарығып жүргендері сол...

       Жалпы, ресми мәліметке сенсек, бұл сайлауға Жамбыл облысының тұрғындары да белсене қатысқан. Жергілікті байқаушылар алғашқы сағаттардан-ақ жамбылдықтар сайлауға қатысуда жоғары белсенділік танытқанын айтады. «Облыс бойынша дауыс беруге арналған барлығы 492 сайлау учаскесі құрылған болса, өңір тұрғындары түске дейінгі сайлауға қатысу көрсеткіші бойынша көш бастап тұрды» деген ақпарат тарады.

      Бірақ сайлауда бақылаушы болған Серік Жолдасбай есімді азамат өз сайлау учаскесінде сайлаушылардың төрттен бірі ғана дауыс бергенін айтады. «Тараз қаласындағы №87 сайлау учаскесіне тіркелген 2281 адамның 588-і дауыс берді. Бұл жалпы сайлаушылардың 25 пайызы дауыс беруге келгенін көрсетеді. Жергілікті билік сайлауға қатысудағы белсенділігі жағынан Жамбыл облысы еліміз бойынша бірінші орын (66 пайыз) алды деп айтып жатыр. Алайда мен бақылаушы болған сайлау учаскесінде жағдай осындай болды», – деп, өзі бақылаушы болған сайлау учаскесі бойынша қай партия қанша дауыс алғанын да айтты.

        Ал Шу ауданының тұрғыны, зейнеткер ұстаз Несіпхан Қоңырбаев ауылдастарының басым көпшілігі «Ауыл» партиясына дауыс бергенін айтып, бұл сайлаудағы нәтиженің шындыққа сәйкес келмейтінін баяндап, күйінішін білдірді. Жер-жерде сайлау комиссиясының заңсыз әрекеттері жайлы айтылып жатса да, өз кезегінде Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы өңірде өрескел заңбұзушылықтарсыз өтті дейді.

    – Парламент мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы күні облыстың сайлау учаскелерінде 2176 сенімді өкіл, байқаушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сайлау учаскелерінде ешқандай шағым тіркелген жоқ, – деді ол.

Тегтер: сайлау саясат партия бірлік мәселе оппозиция ішкі саясат реформа

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:32
Алматы облысында демалыс күндері локдаун жарияланады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 12:03
Қараусыз қалған аулалар, қоқыс басқан Қарағанды
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 08:58
Ермекбаев айтқан «диверсия» дәлелденді ме?
Заңғар КЕРІМ,арнайы «Жас Алаш» үшін Токиодан 03.08.2021, 14:32
Грек-рим шеберлері сенімді ақтамады
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 03.08.2021, 12:12
Басты мақсат – сот жүйесіне халықтың сенімін арттыру
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 13:15
Дәрігерлер тұрғындарға үндеу жасады

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58