Сайрамда мейрамхана кітапханаға айналды

Сайт әкімшілігі

05.06.2021, 08:59

1098

Түркістан облысы Сайрам ауданында бір жылдың ішінде тойхана, кеңсе, мейрамханалардың орнына 3 кітапхана ашылды. Барлығы кітапхана үлгісімен қайта жабдықталды. Ауданның кәсіпкерлері білім саласына қайырымдылық жасап, пандемия басталғалы тоқтаған тойханалардың жұмысын басқа салаға бұруда.

Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібекұлының бастамасымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Аауыл – ел тірегі» жобасы аясында демеушілер есебінен үш жаңа кітапхана ашылды. Мәселен, Қарасу ауылында жеке кәсіпкер Байсейіт Жамалбеков жеке кеңсесін сыйға тартқан. Сөйтіп, онда кітапхана ашылды. Ал, Қарабұлақ ауылында жеке кәсіпкер Р.Халжалилов салтанат сарайының бірінші қабатын кітапханаға айналдырды. Қазір мұнда интернет желісі тартылып, кітап қоры жинақталуда. Сәні мен салтанаты келіскен сарай енді тойшыл қауымға емес, білімпаз жастарға қызмет көрсетеді.

Бұдан бөлек, Қарамұрт ауылдық округіндегі ашылған кітапхана жеке кәсіпкер Бахадыр Азимбайұлының сыйы. Бұрын мейрамхана болған ғимаратта бүгінде оқырманға жағдай жасалған. Мәдени ошақтың тұсаукесер рәсіміне аудан басшылы мен «Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық филиалының басшылары бастаған ел ағалары қатысты. Бүгінде аудандағы 21 кітапханада 4200 кітап қоры бар.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 11.06.2021, 11:11
Кім кінәлі?: Жауап берсін!
М.СӘУЛЕБЕК 10.06.2021, 17:45
Мегаполис бюджеті 2,7 есеге көбейген
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 10.06.2021, 14:13
Бір дүкеннің маңынан үш күннің ішінде екі мәйіт табылды
Мариям МАҚСАТ 10.06.2021, 12:04
«1 млрд теңгелік ескерткіштің ар жағынан жемқорлық «қылтиып» тұр»
Сайт әкімшілігі 08.06.2021, 16:45
Елордада 49 мектеп аралас тілде, 34 мектеп қазақ тілінде білім береді
Миуа БАЙНАЗАРОВА 08.06.2021, 14:00
Сыр елінің құт-берекесі неге қашып тұр?!

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02