Салықтан жалтарған Өскемен тұрғындары 5 жылға сотталды

Сайт әкімшілігі

06.01.2021, 12:00

1292

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті ШҚО екі тұрғынына қатысты ірі көлемде бюджетке салық төлеуден жалтару фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады. 

Тергеу барысында, олардың 2017 -2018 жылдар аралығында жалған кәсіпорындардың жалған есеп шоттарын пайдалана отырып, ҚҚС салық айналымын және сатып алынатын тауар, жұмыс және қызметтер есебіне жатқызылатын соманы төмендету, декларацияларға табыстар мен шығыстар туралы жалған мәліметтерді енгізу, салық салудың басқа объектілерін жасыру арқылы мемлекетке 430 миллион теңге көлемінде салық төлеуден жалтарғаны анықталды.

Өскемен қаласы №2 сотының үкімімен олар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 28 — бабының 2,3 -б., 245 — бабының 1,3 бөліктерімен кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандықтарынан айрылды.

Соттың шешімімен прокурордың мемлекетке 430 миллион теңге көлемінде келтірілген шығынды өндіріп алу туралы азаматтық талап арызы толығымен қанағаттандырылды.

Тегтер: салық халық нарық төлем айыппұл

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 21.04.2021, 16:37
Балқаштағы ұшақ апатының салдары мәлім болды
Сатан НҮСІПҚОЖАЕВ 21.04.2021, 12:21
«Жер сатылмайды» дейді...
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 21.04.2021, 12:17
Жайықтың өзі қымбат па, жағалауы қымбат па?
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 20.04.2021, 10:35
Оралда әйелін өлтірген шенеунік қамауға алынды
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 20.04.2021, 10:10
Жыры бітпеген электронды жүйе
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.04.2021, 15:25
Кәсіпкердің көлігі өзеннен табылды

Аңдатпа


  • Қонаевтың іс-әрекеттерін қалай бағалауымыз керек?
    21.04.2021, 09:13
  • Бердіқұлов тағылымы
    21.04.2021, 09:03
  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    20.04.2021, 10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25
  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32