Семейде азық-түлік бағасы неге жоғары?

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ

03.11.2020, 05:15

610

   Шығыс Қазақстан облысы статистика департаментінің апталық мониторингіне сүйенсек, қазан айының ортасынан бастап, Семейде қарақұмық жармасы, күнбағыс майы және жұмыртқа бағаларының өсуі байқалған. Қалған әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағалары тұрақты. Осыған орай баспасөз мәслихатын өткізген кәсіпкерлік бөлімі өкілдерінің айтуынша, бағаның көтерілуінің басты себебі — карантиндік шараларға байланысты, логистиканың және тауарларды тасымалдаудың өзгеруіне байланысты азық-түлік өнімдеріне деген сұраныстың көбеюі.

— Күнбағыс майының қымбаттауына оны өндірушілерде былтыр өнім қоры азайып және шикізатты сатып алу бағасының өсуі себеп болып отыр. Одан өзге шығын материалдары, реагенттерді және орау ыдыстарын еліміздің аумағынан тыс жерлерден  сатып алуларына байланысты. Күнбағыс дәндерін жинау басталып, биыл өнім шикізаты түскенде баға төмендейді. Сонымен қатар, қарақұмық жармасы бағасының өсуіне маусымдық, былтырғы егін қорыың азаюы әсер етіп отыр. Қарақұмық тұқымын жинау аяқталғанда баға тұрақтанады. Жұмыртқа бағасының өсуі де маусымдық, құстарға арналған жем бағасының өсуіне және тауықтардың жұмыртқалау факторының маусымдық төмендеуіне, сондай-ақ құс тымауы жағдайына байланысты құс фермаларындағы жіберу бағасының өсуіне сәйкес.  Қант бағасының өсуі — карантин мерзіміндегі шектеу шараларына  байланысты шетелдерден жеткізілімнің қысқартылуына байланысты — дейді   қалалық кәсіпкерлер бөлімі жетекшісінің орынбасары Анжела Маслова.

     Баспасөз мәслихатында атап өткендей,  инфляциялық процессті ұстап тұру мақсатында, әмбебап сауда базарларын және барлық қала аудандарындағы сауда кәсіпорындарын қамтып әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бөлшектік бағаларына апталық мониторинг жүргізіліп жатыр. Негізсіз бағаны өсіру орын алған жағдайда оның негізін анықтайтын және оны төмендету жөнінде ұсыныс жұмыстар жүргізетін жедел шаралар қолданылады. Бөлшектік сауда кәсіпорындарымен әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына 10%-дан аспайтын сауда жәрдемақысын қолдану туралы мерзімсіз меморандумдар жасалады.

    Билік өкілдері қымбаттаудың себептерін түсіндіріп, жұртты жұбатуға тырысқанымен, қарапайым халықтың одан жоғы түгенделіп, тұрмысы түзеліп кетпесі белгілі.

  -«Заречный» күнбағыс майы бұрын сауда орындарында 420 теңге еді, қазір литрі — 520 теңге. Қант 230 теңге болатын, 300- ге барды. Күріш бағасы 280 теңге еді, қазір ең арзаны 320 теңгені көрсетіп тұр. Жұмыртқа 350-ден 400 ге көтерілді. Шай бағасы да 600-ден 1400 теңгеге барды. Сүт өнімдеріне де сұраныс артқандықтан ба, баға көтерілген. Нан бағасы да оңып тұрған жоқ. Пандемияның артып бара жатқан түрі анау. Ертең тағы да қала ішінде қозғалыс шектелсе, бірінші толқыннан әрең шыққан біздей зейнеткерлер қалай күн көрмек? Бізде тұрақты зейнетақы бар. Бірақ оның жартысынан көбі, жұмыстары тоқтап қалған бала-шаға, немерені асырауға кететінін несіне жасырайын?,- деп күйзеледі зейнеткер Рысжан әжей.  

   Биыл қала билігі әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлар бағасын, сонымен қатар, жеміс-көкөніс өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бойынша көтерме сату ісімен айналысатындармен  өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасағанын дәтке қуат еткен жайы бар. Көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындары жетекшілерінің әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз қымбаттатуына жол бермейтіндіктеріне, жалға берілетін сауда алаңдарының және басқа да ақылы қызмет көрсету бағаларын арттырмау жайы назарға алынғанына сендіріп отыр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Қасым ЖОМАРТ 27.11.2020, 14:48
Прокурор экс-әкімге 8 жыл сұрады
Айшуақ АРАЙ 27.11.2020, 13:20
Сотталушылар наразылық көрсетіп Жезқазған түрмесіне тергеу тобы барды (видео)
Сайт әкімшілігі 27.11.2020, 10:49
Пневмониядан 5 адам көз жұмды
Сайт әкімшілігі 26.11.2020, 17:56
Оңалту орталығына жасалған сый
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 26.11.2020, 10:18
Өндірісті өлке өміршеңдігін танытты
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 26.11.2020, 09:20
Бір Өскеменге екі Пушкин әділет пе?

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    28.11.2020, 16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    28.11.2020, 13:30
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    27.11.2020, 11:36