Семейге жаңа әкім тағайындалды

Сайт әкімшілігі

28.06.2021, 11:10

1120

Бақытжан Байахметов Семей қаласының әкімі қызметіне тағайындалды,-деп хабарлайды «Жас Алаш»

Бақытжан Байахметов бұған дейін ШҚО әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Осы жылдың басында қала басшысы болып тағайындалған Нұрымбет Сақтағанов денсаулығына байланысты отставкаға кетті.

Қаланың жаңа басшысын Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов таныстырды.

Бақытжан Байахметов «Инженер-электрик» және «экономист» мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар. Еңбек жолын 1992 жылы Аягөз қаласының «Алтайэнерго» кәсіпорнында инженер болып бастаған. Электрмен жабдықтау саласында 2005 жылға дейін жұмыс істеп, басшылық лауазымдарға дейін жетті. 2005-2008 жылдары Аягөз ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Әр жылдары Мәдениет және ақпарат министрлігінде, қоршаған ортаны қорғау министрлігінде жұмыс істеді. 2010-2014 жылдары Аягөз қаласының әкімі болды. Одан әрі Ұлан, Аягөз аудандарын басқарды. 2019 жылдан бастап бүгінге дейін Шығыс қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс істеді.

Тегтер: әкім лауазым мансап тағайындау

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ 17:53
Ішкі туризмнің халі қалай?
Сайт әкімшілігі 17:51
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі: мемлекетке сену құқығы
Сайт әкімшілігі 17:49
Жаңа кодекс қазақстандықтарды қалай қорғайды?
Нұр САЙЛАУОВА 17:42
Қазақстанның жаһандық бастамаларына оң баға берілуде
Б.СӘРСЕНБИ 17:38
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15:21
«Жусан» операциясы: тағдыр тәлкегінен құтқарғандар

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15