Серіктес қалалар іргелі жоба болғалы тұр

Сайт әкімшілігі

18.05.2021, 14:09

578

18 мамыр күні Алматы облысының  әкімі Амандық Баталов G4 City серіктес қалаларының жобасына қатысты жиын өткізді.  Жиынға  жобаның бастамашысы ретінде «Caspian Group» АҚ өкілдері, сол сияқты онлайн режимде сингапурлық «Surbana Jurong» компаниясының жобаға қатысты мамандары қатысты.

Аталмыш жиында сөз алған облыс әкімі Амандық Баталов:

— Бұл іргелі жоба Премьер-Министрдің ғана емес, Президенттің де басты назарына алынды. Осы жобаға қажетті инфрақұрылымдарға біз 38 млрд. теңге қаржы жұмсадық. Алайда бүгінге дейін оның іске асырылмай тоқтап тұрғаны көңіл құлазытқан еді. Бүгінгі кездесуде сіздердің презентацияларыңызды тыңдауға, жобаны іске асыру жайын талқылауға біз дайынбыз, — деді.

Сондай-ақ, «Surbana Jurong» компаниясы жоба менеджерінің орынбасары Джоши Шрина жобаның презентациясын жасап, баяндап берді.

— G4 City жобасы – Ұлы Жібек жолының бойында орналасатын, Еуразия мен Азияны жалғастыратын ауқымды стратегиялық нүкте болады. Бұл Орта Азияның жаңа жауһарына айналатын іргелі жоба болғалы тұр. Жобаны іске асырудың 8 нақты қадамын белгіледік, — деді компания өкілі.

Д.Шринаның айтуынша, бұл жобада қала барлық жағынан өзін-өзі қамтамасыз ете алатын интеграцияланған қала, қаржылық-іскерлік орталық, әлемдік академиялық білім мен ғылыми медициналық орталық, индустриалды, сауда-логистикалық хаб, тартымды туристік нүкте, қолайлы өмір сүру аймағы, дамыған инфрақұрылымы бар, қауіпсіз әрі ақылды қала ретінде көрініс табады. Сингапурлықтар осыған байланысты стратегиялық ұсыныстар тізбесін әзірлеген. Олардың қатарында Визалық өңір ретінде либерализациялау, арнайы экономикалық аймақ мәртебесін беру, инвестициялық резиденция құру, валюталық бақылау, халықаралық әуежай салу сияқты бірқатар ұсыныстар бар.

Презентацияны мұқият тыңдаған облыс әкімі Амандық Баталов компания өкілдеріне ризашылығын білдіріп, әсіресе стратегиялық ұсыныстар әзірлегендерін қолдап-қуаттады.

— Әрине, концепция, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы емес. Дегенмен концепция — Үкіметке таныстырылым жасауға мүмкіндік беретін құжат. Үкіметтің тиісті шешім қабылдауына, әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа сатысына бастайтын іргелі жобаның сәтті жүзеге асырылуына, біз, «Caspian Group» пен Алматы облысының әкімдігі де мүдделіміз, — деді Амандық Баталов.

Мұнан соң Gate City қаласы орналасатын аймақта аумағы 13 мың шаршы метр болатын 9 қабатты үш үйдің құрылысы басталып жатқаны айтылды. Құрылыс компаниясының өкілі Виктор Лидің айтуынша, жалпы аумағы 40 мың шаршы метр болатын 9 қабатты 10 үй салу жоспарланған. Әзірге соның үшеуінің құрылысы басталуда. Онда шамамен 1300-дей адам тұрады деп жоспарланған. Экскиздік жобада балалар ойын алаңдары, воркаут сияқты абаттандыру жұмыстарының бәрі қамтылған. В.Ли облыс басшысынан жылдың соңына қарай барлық инженерлік инфрақұрылымдарды тұрақты қосатын нүктелердің жұмысын жандандыруды сұрады.

Өз кезегінде Амандық Баталов бұл аумақта балабақша, мектеп, шағын дәрігерлік амбулатория сияқты әлеуметтік маңызды нысандардың жобасын да қатар әзірлеуді тапсырды. Сол сияқты тұрғындар қажетті керек-жарақтарын басқа жақтан іздемеп жүрмейтіндей, сауда нүктелеріне де тиісті орындар белгілеп қалдыру керектігін жеткізді. Инженерлік инфрақұрылымдарды іске қосу мәселесін тиісті сала басшыларымен талқылап, тиісті тапсырмалар берді. Ең бастысы, G4 City жобасында қозғалыс пайда болғаны қуантатынын, тиімді жүзеге асырылғанда оның облыс үшін ғана емес тұтас еліміз үшін үлкен экономикалық тартымды аймаққа айналатынын айтты. 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 09.08.2022, 17:35
Түркістан: АӘК алатын отбасылардың балалары мектеп формасымен қамтамасыз етіледі
Сайт әкімшілігі 08.08.2022, 18:37
Қытайда жаңа вирус шықты
Сайт әкімшілігі 08.08.2022, 13:41
Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 08.08.2022, 09:11
Оралдағы кәсіпкер өлімі: күдіктілерді іздеуге әскерилер тартылды
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 06.08.2022, 09:28
Төтенше жағдай қызметі заманауи талаптарға бейімделіп үлгеруде
Сайт әкімшілігі 04.08.2022, 13:22
Ақтауда полицейді пышақтап кеткен күдікті ұсталды

Аңдатпа


  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49
  • Ұлттық банк пен Үкімет қымбатшылықты құрықтауға неге қауқарсыз?
    08.08.2022, 08:49
  • Баспана аспандады, азық-түлік шарықтады, үкімет өз жөнімен қалықтап жүр...
    05.08.2022, 09:17
  • АЭС-тің арты жақсы бола ма?!
    04.08.2022, 08:55